Page 199 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 199
Суретте берілген тітіркенгіш тердің қайсысы адамға қатты әсер етеді деп
ойлайсы ңдар? Өз ойларыңды түсіндіріңдер.
Өсімдіктердің тітіркенуі (тітіркенгіштігі). Көпжасушалы өсім-
діктердің сезім және жүйке мүшелері жоқ, дегенмен де әртүрлі
формадағы тітіркенулер бар. Оларға – өсімдіктің бойлап өсу
бағытының немесе мүшесінің (тамыры, сабағы, жапырағы) өзгеру і.
Көпжасушалы ағзадағы мұндай
тітіркенуді тропизма (өсу қозғалысы)
деп атайды. Жарықтың жетіспеуін ен
кейбір өсімдіктер бойлап өсіп кетед і.
Нәтижесінде жапырақтары қажетті жа-
рықты қабылдайды. Мысалы, күнбағыс
басын Күнге қарай бұрып отырады (104-
сурет). Өсімдіктерде тропизмнен басқа
қозғалыстың насти (ежелгі грек
тілінде – тығызданған) деп аталатын 104-сурет. Күнбағыс
типі бар. Мысалы, мимоз ан ың тропизмі
жапырағына қолың тиіп кетсе, тез арада
жиырылып басын төмен салбыр атып
алады да біраздан кейін бұрын ғы
қалпына келеді (105-сурет).
Көптеген өсімдіктердің гүлі жарық-
қа және ылғалға реакция береді. Мыса-
лы, қызғалдақ жарық бар кезде гүлін
жайып тұрады, қараңғы кезде жинап
алады. Бақбақ ылғалды ауа райын д а 1 2
гүлшоғырын жауып алады да, ашық күн і 105-сурет. Мимозадағы
гүлін ашып тұрады. насти құбылы сы