Page 200 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 200
106-сурет. Гидран ың тітіркендіргіш ке берген жауабы
Жануарлардың тітіркенуі (тітіркенгіштігі). Көпжасуш алы
жануарлардағы жүйке жүйесінің, сезім мүшелерінің және қозға лыс
мүшелерінің дамуына байланысты, тітіркену деңгейі күрделі және
осы мүшелердің әрекеттесуіне тәуелді. Егер де тұщы су гидра- сын
инемен түртіп қалсаң, жұмыртас сияқты жиырыла қалады (106-
сурет).
Сыртқы тітіркенуді сезімтал жасуш алар қабылдайды. Жасу-
шада болған қозу жүйке жүйесіне келіп жетеді. Жүйке жүйесі
қозуды бұлшық ет жасушасына жеткізеді, ол жасуш а өз кезег ін де
тітіркендіргішке жиыры лу арқылы жауап береді. Бұл үдерісті реф
лекс деп атайды.
Барлық тірі ағзалардың қоршаған ортадағы тітіркендіргіштерге
берген жауабы, ол қорғану мақсатында жүреді. Жануарлар дың
жүйке жүйесіндегі реттеу жылдам жүреді. Соның нәтижесін де
әртүрлі тітіркендіргіштерге тез арада жауап береді.
Жануарлардың басым бөлігі күн мен түннің ауысуына реак- ция
береді. Бір жануарлар күндіз тіршілік етсе, келесі түрлері түнгі
тіршілікке бейімделген (107-сурет). Олар түнгі қараң ғы да
жыртқыштарға көрінбей, қажетті азығын табуға мүмкіндік алады.