Page 205 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 205

109-сурет.  Күн  – қалпына  келетін  (сарқылмайтын)  энергия  көзі

                 Күн  энергиясын    пайдалануды ң   қажеттілігін   және   артықшы лы ғы н
                 бағалаңдар.   Оны   қолдану    кезінде   қандай   қиынш ылықтар    мен
                 кемшіліктер  болуы  мүмкін?  Қазақстанн ың  қандай  аймақтарын да  Күнн ің
                 энергиясын  пайдалану  тиімді?  Жауаптарыңды  дәлелдеңдер.

            Күн  энергиясын  тура  пайдалануға  мысал  ретінде  жылыж ай ды
        алуға  болады.  Жылыжайда  жыл  бойы  үздіксіз  көгөніс  егіледі.  Со-
        нымен  бірге  жаз  айларында  күн  түсіп  тұрған  жерге  суды  ыдысқа
        құйып  жылытып  алуға  болады.  Күн  стансыларындағы  фотоэлектр
        элементтері  арқылы  электр  алынады.

                 Күннен  Жер  бетіне  түсетін  энергиян ың  жалпы  қуаты,  жер  бетінд е гі
                 барлық  органикалық  отынның  әлеуетінен  6,  7  есе  көп.   Оның  тек  қана
                 0,5   пайызын   пайдаланамыз.   Егер   де  Күннің   энергиясын   тиім ді
                 пайдалану  жолдарын  үйренген  жағдай да,  дүниежүзілік  сұраныс ты ,
                 алдағы  мыңдаған  жылдар  бойы  қамтамасыз  еткен  болар  едік.

            Заманауи энергия көздері. Энергияға  деген  сұраныс  жыл  өткен
        сайын  артып  барады.  Нәтижесінде  дәстүрлі  отын  түрлері  азайып
        барады.  Бұл  мәселені  шешу  үшін  энергияның  басқа  көздері
        іздестірілді.  Барлық  энергия  көздерін  қалпына  келмейтін  және
        қалпына  келетін  (оған  баламалы  энергия  көздері  де  жатады)  деп
        бөлеміз  (110-сурет).
   200   201   202   203   204   205   206   207   208   209   210