Page 204 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 204

жерге  таяқ  немесе  құрғақ  бұтаны  тіреп  қойып  алақанымен  қатты
             ысқылаған  (108-сурет).
























                                 108-сурет.  Алғаш қы  от  алудың  тәсілдері



                      Топқа  бөлініңдер.  «От  не үшін  қажет  болды?»  атты  кішігірім  шығарма
                      жазыңдар.  Орындаған  жұмыстарың ды  талқы лаңдар  және  бағалаңдар.

                  Ұзақ  жылдар  бойы,  отты  өсімдік  түрлерін  (ағаш,  бұта,  қамыс,
             шөп)  жағу  арқылы  алып  келді.  Кейінірек  таскөмір,  жанғыш  тақтас
             және  шымтезектен  (торф)  алуға  болатынын  үйренді.
                  Күн  –  басты  энергия  көзі.  Барлық  энергия  көздері  Күнн ің
             энергиясымен  байланысты  (109-сурет).  Бізге  таныс  көмір,  мұнай
             және  газ  Күннің  энергиясы  арқылы  тіршілік  еткен  органикалық
             заттардың  қалдығы.  Табиғаттағы  су  айналымы  да  Күннің  энер-
             гиясы  арқасында  жүретін  үдеріс.  Олай  болса,  су  стансыларын ың
             жұмысы  да  Күнге  байланысты.  Желдің  күші  жер  бетінің  әртүрлі
             қызуына  байланысты.  Бұл  жерде  де  оның  қызуына  Күн  сәулесі  әсер
             етіп    тұр.   Мұхиттық      ағыстар     және    судың     толысуы      Күнн ің
             энергиясына  тәуелді  құбылыстар.
   199   200   201   202   203   204   205   206   207   208   209