Page 208 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 208

Энергияны  түрлендіру  және тұтыну.  Энергияны  түрлендіре  және
             пайдалана  білу  адамзаттың  техникалық  даму  деңгейін  көрсетеді.
             Адамдардың  алғаш  рет  түрленген  энергияны  пайдалануы  желкен ді
             қайықтардың  пайда  болуымен  байланысты.  Желдің  энергиясы н,
             қайықтың  немесе  кеменің  жүзуіне  және  жылдам  қозғалуына  пай-
             даланды.  Ары  қарай  даму  барысында  желдің  және  судың  энерги я-
             сын  жел  және  су  диірменнің  жұмысына  қолданды.
                  Энергияның  бір  түрі  екінш і  түрге  түрленеді.  Энерги ян ы
             түрлендіру  арнайы  стансыларда  жүргізіледі.  Стансылардың  ата-
             уында  алғаш қы  энергияның  қандай  түрі,  қайталама  (екінші  реттік)
             энергияға  түрленетіні  көрсетіледі.









                  Энергия  алудың  негізгі  үш  әдісі  бар.  Біріншісі  –  отынды
             (шымтезек,  ағаш,  көмір,  мұнай,  газ)  жағу  арқылы  жылу  энер-
             гиясын  алу  және  оны  тұрғын  үйлерді,  мектепті,  кәсіпорындард ы
             жылытуға  пайдалану.  Екінш і  әдісі  –  отынның  құрамындағы  жылу
             энергиясын  механикалық  жұмысқа  айналдыру.  Мысалы,  өңделге н
             мұнай  өнімдерін  автомобильдің,  трактордың,  пойыздың,  ұшақтың
             қозғалуына  пайдалану.  Үшінш і  әдісі  –  отын  жанған  кездегі  бөлін іп
             шыққан  жылуды  түрлендіріп,  электр  энергиясына  айналдыру.
                  ЖЭС  –  жылу  энергиясын,  электр  энергиясына  түрлендіретін
             жылу  электрстансысы  (111-сурет).
                  СЭС  –  судың  ағысынан  алынатын  механикалық  энергия н ы,
             электр  энергиясына  түрлендіретін  су  электрстансысы.
                  АЭС  – ядролық  отынның  атом  энергиясын,  электр  энергиясы н а
             түрлендіретін  атом  электрстансысы.
                  СКС  –  мұхит  суының  көтеріліп,  төмен  түскен  кездегі  энерги я-
             сын  электр  энергиясына  түрлендіретін  судың  көтерілу  стансысы.
                  ЖелЭС  – желдің  энергиясын  электрге  түрлендіретін  жел  электр-
             стансысы.
   203   204   205   206   207   208   209   210   211   212   213