Page 212 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 212
Сарамандық жұмыс
Тақырып: тұтынған энергияны есептеу және оның құны
Мақсаты: Тұтынуш ыларға арналған электр қуатының бағас ын
есептеу әдісімен таныстыру, есептеп үйрену, кесте және электр
құралдарын қолдану дағдысын дамыту.
Ресурстар: электрсанағыш, электр құралдарының суреті бар
таныстырылым, электр құралдарына арналған нұсқаулар, әртүрлі
электр құралдары, қауіпсіздік техникасына арналған танысты ры-
лым (114-сурет).
114-сурет. Электрсанағы ш тардың түрлері
Қауіпсіздік техникасы: электр құралдарымен жұмыс істеу
ережелері.
Жұмыс барысы:
1-тапсырма.
Жұптық жұмыс. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Электр тогы біздің өмірімізде қандай рөл атқарады?
2. Электр тізбегінің қандай элементтері саған таныс?
3. Тұрмыстық жағдайда қолданылатын электр құралдар ын
атаңдар.
4. Тұтынған энергияның мөлшерін қандай құрал көрсетеді?
5. Барлық электр құралдарының міндеті неде?
6. Электр құралдарымен жұмыс істеген кезде қауіпсізд ік
ережесін сақтау қажет пе?