Page 213 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 213
2-тапсырма.
Топтық жұмыс. «Әртүрлі тұрмыстық электр құралдарын пайда-
лану кезіндегі электр энергиясының шығыны» кестесін пайдала-
ныңдар (электр шығыны жуықтап алынған).
Компьютер 75 Вт
Теледидар 0,7 кВт
LCD монитор 45–60 Вт
Энергия үнемдеуіш лампалар 0,018 кВт
Қызатын лампа 0,04–0,1 кВт
Электр шәйнегі 2 кВт
Жылытқыш 1700 Вт
Жоғарыда көрсетілген құралдар сыныпта немесе мектепте бар
болса, олардың 1 сағат ішіндегі энергия шығынын есептеңдер. Ол
үшін алдымен қолданылмайтын басқа құралдарды өшіру ке- рек.
Кейін дискінің айналым санын немесе бір минуттағы им- пульс
санын өлшеп, жүктеменің қуатын келесі формула бойын ша
анықтаңдар: W = (n · 3600)/(Imp · t), кВт, бұл жерде W – бір сағатта
қолданылатын қуат, n – белгілі бір уақыт ішіндегі дискін ің
айналым саны немесе импульстер саны, Imp – 1 кВт · сағ сәйкес
келетін дискінің айналым саны немесе импульстер саны. t –
секундпен есептелгендегі уақыт.
Мысалы, егер электр санағыштың сандық көрсеткіші 1 кВт · сағ – 600
айналым болса (яғни электр санағыш 60 секундта 8 айналым жасады),
онда оның жүктеме қуаты: W = (8 · 3600)/(600 · 60) = 0,8 кВт.
Нәтижені дәптерге жазыңдар. Орындалған жұмысты қорыты н-
дылаңдар және бір-біріңді бағалаңдар.