Page 196 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 196

Өсімдіктердің   эфир  және   фитонцидті   бөліп   шығаруы   туралы   матер иа л
               дайындаңдар.  Адам  оларды  қандай  мақсатта  қолданады?  Мысал  келтір іп ,
               жауаптары ңды  талқы лаң-  дар  және  бір-бірің ді  бағалаңдар.

                   Жануарлардың  өмір  сүру  кезінде  бөлініп  шығатын  өнімде р.
               Зат  алмасу  барысында  жануарларда  да  өсімдіктердегідей  артық
               өнімдер  қалыптасады.  Сондықтан  да жануарлар  өзіне  қажетті  заттард ы
               сақтап,  қажетсіз  заттарды,  кейде  тіршілігіне  қауіпті  заттарды  тез  арада
               сыртқа  шығарып  тастайды.  Жануарлар  көмірқышқыл  газын,  суды,  зәрді,
               қорытылмаған  тамақтың  бөлігін  шығарып  отырады  (102-сурет).
























                           102-сурет.  Адам  ағзасын дағы  зат  алмасуды ң  сызбасы

                        Қандай  заттарды  адам  міндетті  түрде  қоршаған  ортадан,  ал  қайсыларын
                      тек  қана  тағамды қ  өнімдерден  алады?  Түсіндіріңдер.  Адам  ағзасы
                      қандай  заттарды  сыртқа  бөліп  шығарады?

                      Тері  –  дененің  тек  қана  сыртқы  жабыны  емес,  әртүрлі
                      қызмет  атқаратын  мүше.  Ол  тыныс  алуға,  қоректік  зат-
                      тарды  қабылдауға,  артық  өнімдерді  сыртқа  шығаруға  және
                      ішкі  мүшелерді  қорғауға  қатынасады.  Тер  арқылы  ағзада ғы
                      көптеген  зиянды  заттар  сыртқа  шығады.  Физикалық  күшт ің
                      түсуі  мөлшеріне  және  жоғарғы  температураға  байлан ысты
                      сыртқа  шыққан  тердің  мөлшері  арта  береді.
   191   192   193   194   195   196   197   198   199   200   201