Page 193 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 193
Тыныс алудың жиілігіне арналған кесте бар (99-сурет). Оның
жиілігін өз беттеріңше үйде немесе сыныпта отырып та анықтау ға
болады. Анықтаған кезде адам тыныш күйде болу керек. Ол үшін
қолыңды көкірегіңнің үстіне қойып, бір минутта неше рет
көкірегіңнің көтерілгенін есепте. Ересек адамдарда орта есеппен 14
рет болса, балаларда 20–30 рет болады. Егер де бұл нормадан артық
болса, дәрігерге көрінген дұрыс болады.
Физикалық күш түскен кезде тыныс алудың жиілігі көбей еді.
Зат алмасу үдерісі жылдамдайды, бұлшық еттерге көбірек оттегі
қажет болады.
Ата-аналар мен мұғалімдер әрқашан сендердің ауырм а-
ғандарыңды тілейді. Ол үшін тыныс алу жүйелерін дамыту
қажет. Сол арқылы ағзаның қорғаныш қызметін жоғары-
латасыңдар. Анықтама материалдарын және интерн ет
ресурстарын (rudos.exdat.com) пайдаланып, тыныс алу гим-
настикасының пайдасы туралы материал табыңдар. Тап- қан
материалды сынып алдында оқып беріңдер. Орындаған
жұмыстарыңды талқылап, бағалаңдар.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Адам үшін тыныс алу қандай рөл атқарады, ойланып жауап беріңдер.
2. Не себепті тыныс алу мүшесіне күтім керек?
3. Өздеріңнің тыныс алу жиіліктеріңді тәжірибе арқылы анықтаң д ар .
Бір-біріңнің жұмыстарыңды талқылап, нәтижесін бағалаңдар.