Page 191 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 191
Адам және жануарлар ағзасындағы оттегінің қоры шектеу лі
болғандықтан, үнемі оттегіні қажет етеді. Оттегі сияқты, ағзадан
ұдайы көмірқышқыл газы да сыртқа шығып тұруы керек.
Көмірқышқыл газы – зат алмасу үдерісі кезінде қалыптасатын газ.
Тыныс алу жүйесі – тыныс алу жолдары және өкпеден тұрады. Ты-
ныс алу мүшелерінің жұмысы – сыртқы орта мен ағза арасын дағы
газ алмасуын реттеу. Өкпе арқылы күніне 10 мың литр ауа өтеді.
Тыныс алу кезіндегі жұтылған оттегі адамның көптеген дене
мүшелерінің жұмыс істеуін іске қосып отырады.
тыныс алу және шығару кезіндегі ауаның құрамы. Адам газ
қоспаларынан түзілген ауа арқылы тыныс алады. Адам бір минут-
та 5–9 литр ауаны жұтады. Дем алу кезінде 79% азот, 21% оттегі,
0,03% көмірқыш қыл газын және су буларын қабылдайды. Адам
өкпесінен шыққан ауада оттегінің мөлшері 16%, көмірқы ш қыл
газының мөлшері 4%-ға жетеді. Сол сияқты су буларының да
мөлшері біршама көбейеді. Тек қана азоттың мөлшері өзгері ссіз
қалады. Адам тыныс алған кезде оттегіні жұтып, көмірқы ш қыл
газын шығарады (98-сурет).
ДЕМ алу
ДЕМ ШығАру
ДЕМ шығару
98-сурет. Дем алу және дем шығару кезіндегі ауа құрамының өзгерісі
Дем шығару кезіндегі ауа құрамындағы көмірқы ш қыл
газының көбейгендігін қарапайым тәжірибе арқылы
байқауға болады.