Page 186 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 186

Заттарды
                   тасымалдау
               Транспорт  веществ
                   Transport  of
                    substances


                  Қорек және қоректік заттар.  Ағзаның  дамуына  және  өсуін е
              қорек  қажет.  Яғни  кез  келген  тірі  ағзаның  денесінде  қоректік  зат-
              тар  ары-бері  қозғалысқа  түсіп  тасымалданады.  Тамырдың  өсімдікті
              сумен  және  минералды  заттармен  қамтамасыз  ететіні  белгіл і.
              Жапырақ  өз  кезегінде  фотосинтез  үдерісі  кезінде  қалыптасатын
              органикалық  заттармен  тамырды  қамтамасыз  етеді.  Заттар дың
              тасымалдануы  қалай  жүреді?  Өсімдіктердегі  су,  минералды  және
              органикалық  заттар  өткізгіш  ұлпа  арқылы  өтеді.  Ол  өсімдіктің
              әртүрлі  мүшелерін  байланыстыра  отырып,  бір-біріне  қоректік  зат-
              тарды  өткізіп  тасымалдаушы  қызметін  атқарады  (95-сурет).  Су
              және  минералды  заттар,  өсімдік  тамырынан  басталған  түтікш е-
              лер  арқылы  сабаққа,  одан  ары  қарай  жапыраққа  және  ең  соңын да

              әрбір  жасушасына  дейін  жетеді.
   181   182   183   184   185   186   187   188   189   190   191