Page 187 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 187

95-сурет.  Өсімдік  денесін дегі  минералды  (қызыл  нұсқар)
                   және  органикалық  заттардың  тасымалдану  моделі  (үлгісі)

             Органикалық       заттар    жапырақта      түзіліп,   өсімдіктің     басқа
         мүшелеріне  (тамырына,  гүліне,  жемісіне)  өткізгіш  ұлпа  арқылы
         тасымалданады.  Өткізгіш  ұлпа  –  өсімдіктің  барлық  мүшелерін е
         қоректік  заттарды  жеткізетін  сопақша  келген  жасушалар  тобы.
         Олардың  жасуша  аралық  перделері  мен  қабырғаларында  сүзгі
         тәрізді  ұсақ  тесіктері  болады.
             Түтікше       және      өткізгіш       ұлпа      арқылы        заттарды ң
         тасымалдануына  бірнеше  тәжірибе  жүргізіп  көрейік.

                  1-тәжірибе. Өсіп  тұрған  ағаш  өскінін  абайлап  пышақп ен
                  кесіп  аламыз  (оған  мектеп  жанында  өсіп  тұрған  кез  келген
          ағаш  жарайды).  Өскіннің  қалыңдығы  2–3  см,  ұзындығы  5–7  см
          болсын,  өскінді  қара  сия  немесе  марганцовка  (марганец  ерітінд ісі)
          құйылған  суға  салып  қоямыз  (96,  а-сурет).  5–6  күн  өткен  соң,
          өсімдік  сабағын  көлденеңінен  кесеміз.  Кесілген  жердегі  сабақтан
          боялған  талшықтарды  көреміз.  Егер  де  әртүрлі  бояу  қосылған  суға
          үй бөлмесінде  өсіп  тұрған  (традесканция,  қынагүл  және  т.б.)  гүлдің
          бір  бұтақш асын  салатын  болсақ,  оның  сабағы  арқылы  боялған
          судың  көтерілгенін  көруге  болады  (96,  ә-сурет).
   182   183   184   185   186   187   188   189   190   191   192