Page 192 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 192
Стақандағы әктас араласқан суға түтікше арқылы бірнеш е рет
үрлейміз. Су біртіндеп лайлана бастайды. Бұдан байқағаным ыз,
үрлеген кездегі ауада көмірқышқыл газының көп екендігі.
Қорытынды. Дем шығару кезіндегі ауаның құрамындағы көмір-
қышқыл газының мөлшері 4%-ға және су булары көбейеді. Бар-
жоғы 5% оттегі пайдаланылады.
Біз қалай тыныс аламыз? Оқушылардың тыныс алуын ың
жиілігі өкпе қызметінің қаншалықты дұрыс жұмыс істеп тұрған ын
анықтауға мүмкіндік береді. Нақты нәтижені адам ұйықтап жатқан
кездегі жиілік арқылы алуға болады.
Тыныс алудың жиілігі медициналық көрсеткіш ке жатады. Көбінесе бір
минут көлеміндегі жиілік есепке алынады. Осыған қарай отыры п ,
дәрігерлер тыныс алу типтерін анықтайды – өкпе, қарын немесе аралас.
Сонымен бірге тыныс алудың тереңдігін , ырғақтылығын және ауыт -
қуын анықтайды.
99-сурет. Балалар және жасөспірімдердің тыныс алу жиілігінің нормасы
(көкірек қуысыны ң көтерілу саны бойынша)