Page 219 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 219
Қозғалыс Санақ денесі Салыстырмалы қозғалыс
Движение Тело отсчета Относительность движения
Movement Counting body Relativity of the movement
Заттың кеңістіктегі орны. Санақ денесі. Мысалы, оқуш ы
сыныптағы бір заттың орналасқан жерін сипаттауы керек.
Сипаттаған кезде, оны келесі оқушы кідірместен табатындай етіп,
дәл жеткізу қажет. Заттың орналасқан жерін анықтағанда, салыс-
тырмалы түрде жанында орналасқан денеге байланысты орны
анықталады.
Мысалы бұлақты табу керек: «Шеткі үйдің шығыс бұрыш ы н а
барып, солтүстікке қарап тұр, осы жерден 130 қадам аттаған н ан
кейін, тура шығысқа қарай бұрыл да ары қарай 150 қадам жасас аң,
бұлақты табасың». Мұндай жолмен бұлақты таба алмаймыз. Неге?
Себебі қай денеден бастау керектігі нақты берілмеген. Қай үй, ол
үй қай жерде орналасқаны анықталмаған. Сондықтан да іздеп
отырған бұлақты табу үшін, алдымен оны қай денеден бастап есеп-
теу керегін біліп алу керек. Мұндай денені, физикада санақ денесі
деп атайды. Ол денені өз беттеріңш е анықтап алуларыңа болады.