Page 220 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 220
Мысалы, сыныптағы немесе бөлмедегі картинаның орналасқан
жерін анықтау үшін, екі санақ денесін алып сипаттап көріңдер.
Сипаттауларыңды салыстырыңдар, бір-біріне ұқсайды ма екен?
Вагонға кіріп отырған соң, пойыздың жүруін күтеміз. Терезед ен
қатар тұрған жолдағы электричканы бақылаймыз. Пойыз немесе
электричканың қайсысы жүріп бара жатқанын бірден анықтай ал-
май қаламыз. Оны көзге көрініп тұрған, қозғалмайтын бір дене
арқылы анықтаймыз. Яғни вагонның қандай жағдайда екен ін
әртүрлі санақ денесі арқылы анықтаймыз (118-сурет).
118-сурет. Санақ денесі
Қалып қойған сөздерді жазыңдар.
а) пойыз ... салыстырмалы түрде жүріп бара жатыр, ә) пойыз ...
салыстырмалы түрде тоқтап тұр.
Салыстырмалы қозғалыс. Кез келген дененің кеңістікт е гі
орналасқан жері салыстырмалы түрде келесі дененің орналасқан жеріне
байланысты анықталады. Дене бір мезетте, бір денеге байланыст ы
қозғалуы және қозғалыссыз тұруы мүмкін.
Мысалы, алыстан велосипедшіні көріп тұрмыз. Бірақ ол жүріп келе
жатыр ма немесе тоқтап тұр ма, бірден анықтау қиын. Оның жүріп келе
жатқанын білу үшін, оны айналасындағы басқа дене- мен салыстыру керек
(ағаш, ағаш өсіп тұрған төбе және т.б.).