Page 295 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 295

демиясы  жұмыс  істейді?  Ол  қандай  қызмет  атқарады?  Талқылаңдар
        және  бір-біріңнің  жауаптарыңды  бағалаңдар.
              Республикамызда  салалық  ірі  ғылыми  орталықтардан  басқа  өз
        саласында  озық  деген  5  ұлттық  ғылыми  орталық  жұмыс    істей ді
        (ұлттық  ядролық  орталық,  минералды  шикізатты  кешенді  өңдеудің
        ұлттық      орталығы,       биотехнология,       радиоэлектроника         және
        байланыс).
            Бұлардан      басқа   академиялық  ғылыми-зерттеу  институт та-
        рында  3  ғылыми  орталық  құрылған:  Жер  туралы  ғылым,  метал-
        лургияны  байыту,  биологиялық  және  астрофизикалық  зерттеу
        орталықтары.
            Қазақстандағы негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары. Жер  ту-
        ралы     ғылыми       орталықта      Қазақстанның        минералды-шикізат
        ресурсының  геологиялық-экономикалық  болжам  картасы,  мұнай
        және  газ  кездесетін  аудандардың  болжам  картасы  жасалды.  Ілгері
        геоақпараттық       жүйе     және     гидрологиялық        деректер     базасы
        құрастырылды.  Сонымен  бірге  жер  сілкінісі  болуы  мүмкін  деген
        аймақтардың  физикалық  және  динамикалық  моделі  жасалды.
            Су     мәселесі,     география,      геоэкология       бөлімдері      және
        мамандандырылған  зертханалар,  гляциология,  ландшафттану  мен
        табиғатты      пайдалану,     геоморфология,       геоақпараттық       картаға
        түсіру,  туризм  географиясы,  рекреациялық  география,  су  ресур ста-
        ры  мәселелерімен  айналысады.
            Химия-технологиялық  ғылымы  Қазақстан  мұнайын  өңдеуд е
        тиімді  жоғары  катализатор  және  каталитикалық  үдеріспен,  жаңа
        полимерлерді  синтездеумен  айналысады.
            Биология  ғылымы  молекулярлық  және  жасуша  биологияс ын
        зерттеуде  үлкен  жетістіктерге  жетуде.  Қазақстан  Республика сы -
        ның  Ұлттық  биотехнологиялық  орталығында,  отандық  ғалымд ар-
        дың  күшімен  жұқпалы  ауруларға  қарсы  препараттар  ойлап  шы-
        ғарылды.
            Ауылшаруашылығы             ғылымында       аймақтың       биоклиматт ық
        әлеуеті     ескерілген      ауылшаруашылық           дақылдарының         жаңа
        сұрыптары  шығарылды.  Жем-ш өп  және  көгөніс  дақылдарын ың
        генефоны  құрастырылды.  Жануарлардың  көптеген  жаңа  асыл
        тұқымдары  өмірге  келді  (170-сурет).
   290   291   292   293   294   295   296   297   298   299   300