Page 297 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 297

Нанотехнология        Биотехнология           Ғарыш тық  зерттеулер
            Нанотехнология        Биотехнология        Космические  исследования
            Nanotechnology         Biotechnology               Space  research

                Дүниежүзіндегі  ғылымның  дамуы.  Ежелгі  кезеңдердің  өзінде
        еңбекті  ұйымдастыру  үшін  адамдарға  жаңа  білім  алу  қажеттілі гі
        туындады.  Жаңа  құрал-саймандарды  ойлап  шығаруда,  қолөн ер
        туындыларын  жетілдіруде,  үй  тұрғызуда,  қару-жарақ  түрлерін
        жетілдіруде  білім  қажет  болды.  Ғылымның  дамуы  шамамен  біздің
        заманымызға  дейінгі  V  ғасырда  ежелгі  Грекиядан  басталады  деп
        есептелінеді.  Осы  кездері  ежелгі  Грекияда  табиғатты  зерттеудің
        алғашқы  бағдарламасы  қабылданады.
            Ғылымның  дамуын  қазіргі  кездегі  түсінікпен  есептесек,  XVI –
        XVII  ғасырдан  бастау  алады.  Сол  кездегі  белгілі  ғалымдарға  Кеп-
        лер,  Гюйгенс,  Галилей,  Ньютонды  жатқызуға  болады.  Алғаш қы
        институттар  мен  ғылым  академиялары  пайда  бола  бастайды.  Мы-
        салы,  1662  жылы  Лондон  корольдік  қоғамы,  1666  жылы  Пари ж
        ғылым  академиясы  құрылды.
   292   293   294   295   296   297   298   299   300   301   302