Page 299 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 299
операциясын қолданып, трансгендік жануарлар мен өсімдіктерді
өсіру.
XXI ғасыр ғылымының негізгі міндеттерінің бірі – Жердег і
тіршілікті сақтап қалу. Әртүрлі ғылымдардың түйіскен жерін де
жаңа ғылымдар пайда болуда. Тіршілік туралы ғылым, ядролық
физиканың жетістігі, термоядролық реакцияны басқару арқылы
жасанды микрокүн жасау, планетааралық химиялық әсерді зерт-
теу, космология және гендік инженерия ғаламдық мәселеле рді
шешуде көмектеседі: ашаршылық, ауру, тұрғындардың тығыз
шоғырлануы, экологиялық мәселелер және т.б.
Гендік инженерия адамзаттың басты міндетімен айналысады –
генетикалық ауруларды жеңумен бірге,
адамның қартаю үдерісін тоқтатум ен
шұғылдануда. Қазіргі кезде ғалымд ар,
жасушаға қауіпсіз генотерапия әдісін
әзірлеуде. Генотерапия әдісі ойдағыд ай
тәжірибеден өткен соң, қарт адамдард ың
ағзасындағы зақымданған генді
ауыстыруға мүмкіндік туады.
FlavrSavr қызанағы алғашқы гене-
тикалық жолмен алынған өнім. Дүни е-
жүзінде және Қазақстанда сатылымға
шығарылған трансгендік өсімдіктер жет- 172-сурет. FlavrSavr
кілікті (қызанақ, картоп, орамжапырақ, қызанақтың жаңа сұрпы
жүгері, астық дақылдар, 172-сурет).
Топқа бөлініңдер. Интернет ресурстарды және қосымша әде -
биеттерді пайдаланы п, трансгендік өсімдіктер туралы ақпа -
раттарды табыңдар. Алынған ақпараттарың ды талқылап,
«Трансгенді өсімдіктер мен жануарларды тамаққа пайда ла н у
зиян ба әлде зиянсыз ба?» деген сұраққа жауап беріңдер.
Болашақтағы ғылым адамзаттың негізгі мәселенің бірі ашар-
шылықты жоюға мүмкіндік береді және өте күрделі деген обыр,
СПИД және басқа қатерлі ауруларды жеңуге көмектеседі.