Page 298 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 298
Келешектегі ғылымның дамуы. Ғылымның қарқынды дамуы
XX ғасырдың үлесіне тиесілі. Әртүрлі саладағы жаңа ғылымд ар
пайда болды: физика, медицина, биология, химия, техника, ком-
пьютер технологиясы, нанотехнология, ғарыштық технологи ян ың
дамуы адамзаттың Жерден басқа ғарыш кеңістігін зерттеуге
мүмкіндік берді. Осылардың арасындағы нанотехнология және
биотехнология ғылымдарына тоқталып өтейік.
Нанотехнология – іргелі және қолданбалы ғылым мен техн и ка
саласы. Нанотехнологияның өнертабысы – нанаөткізгіштер (олар
болашақтың электроникасын қайта бағдарламалауда көмектеседі,
171-сурет) және нанопластырь (оны ең қауіпті ауру ісікті (обыр)
емдеуге қолданады).
171-сурет. Наноөткізгіштер
Интернет ресурстың көмегімен наноөткізгіш туралы материал табыңдар.
Оны болашақта қайда қолданатындығын талқылаң дар.
Биотехнология – тірі ағзалардың мүмкіндігін зерттейтін ғы-
лым, гендік инженерияны қолданып, тірі ағзаларға қажетті қаси ет
берумен айналысады.
Басты бағыты – тірі ағзалардың есебінен адамға қажетті ма-
териалдар мен өнімдерді шығару. Мысалы, гендік инженери я