Page 6 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 6
Кіріспе
Құрметті балалар! Биылғы оқу жылында «Жаратылыстану»
пәнін жалғастырып оқитын боласыңдар. Оқулықта берілген көп-
теген ұғымдар мен түсініктер сендерге таныс. Өткен сыныптағы
материалдарды қайталаумен бірге оны тереңірек оқып үйреніп,
жаңа материалдармен толықтыратын боласыңдар.
5-сыныптағы «Жаратылыстану» пәнінен жинаған білім қорла-
рың жаңа материалдарды оқып-үйренуде өз көмегін тигізеді.
Оқулық жеті бөлімнен тұрады. Бірінші кіріспе бөлімде зерт-
теуге арналған құрал-жабдықтармен бірге зерттеуді жоспарлап
ұйымдастыру жолдарымен және зерттеу барысындағы қауіпсіздік
ережелерімен танысасыңдар. Келесі алты бөлімдегі материалдар
жоғары сыныптарда өтетін «География», «Биология», «Физика»,
«Химия», «Экология» және «Астрономия» пәндерін өткен кезде
көмегін тигізеді. Осыларды үйрену арқылы дүниедегі және таби-
ғатта болып жатқан үдерістер мен құбылыстарды білетін бола-
сыңдар.
Жаңа материалды үйренер алдында параграфтың құрылымына
мән беріңдер. Мәтінді оқу барысында сабақ үстінде естігендеріңмен
байланыстырып отырыңдар.
Параграфтың мәтіні өте қызықты ақпараттармен толық-
тырылған.
Әдемі суреттер мен сызбалар жаңа материалды оқып-
үйренуде көмектеседі. Көңіл бөлу керек деген түсініктер мен ұғым-
дар қоңырау белгісімен – берілген. Параграфтың аяғында
берілген материалды жан-жақты түсіну үшін қосымша тапсырмалар
мен сұрақтар берілген.
«Жаратылыстану» деген өте қызықты пәнді оқып-үйреніп
шығатындарыңа біз сенеміз.