Page 9 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 9
1-сурет. Зерттеудің құрылымы және мақсаты
Зерттеу пәні – ғылыми тұрғыда қызығушылық танытатын
және қарастырылатын нысанның жан-жақты сипаты және қа- сиеті.
Мысалы, тау жынысын зерттейтін болсақ – оның жатқан те-
реңдігін, қалыңдығын қарастырамыз; ал ақбөкенді зерттейтін бол-
сақ – жылдық өсімін, Қазақстан аумағындағы таралымына көңіл
бөлеміз. Зерттеу пәні Не зерттеледі? деген сұраққа жауап беруі
тиіс.
Нысанды және пәнді зерттегенде зерттеу гипотезасын дұ-
рыс құрастыру қажет. Мысалы, Қазақстанның даласында
мекендейтін ақбөкендердің азаюына жыртқыштардың әсерінен гөрі
браконьерлердің (заңсыз аң аулау) әсері басым деген жорамал бар.
Пәннің зерттеу ауқымына қарағанда нысанды зерттеудің
ауқымы кең болып келеді (2-сурет).-