Page 13 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 13
Себеп Салдар Құбылыс
Причина Следствие Явления
Cause Relations Phenomenon
Бізді қоршаған себеп пен салдар. Бізді қоршаған дүние өте
алуан түрлі. Адам жас кезінен бастап қоршаған ортаны тани
бастайды. Өзінің бақылау тәжірибесіне сүйене отырып, қоршаған
дүниені түсіне бастайды және әртүрлі табиғи құбылыстардың
әсерінен қандай өзгеріс болар екен деп, өз-өзіне сұрақ қоя бастай-
ды.
Табиғи құбылыстар пайда болу және қалыптасу сипатына қарай
тәуелсіз, тәуелді және бақыланатын айнымалы себеп-салдардың
әсерінен пайда болған деп бірнешеге бөлінеді.
Тәуелсіз айнымалы (себеп) – тәуелді айнымалыға әсерін анықтау
мақсатында зерттелінеді. Тәуелді айнымалы (салдар) – тәуелсіз
айнымалының өзгеруіне байланысты анықталынатын өзгеріс. Мы-