Page 12 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 12

1-кестедегі деректерді пайдаланып, тірі табиғаттағы зерттеу нысандары
                      мен  пәніне  мысал  келтіріңдер.  Тапсырманы  қалай  орындау  керектігін
                      топ арасында талқылаңдар. Өз білім деңгейлеріңді бағалаңдар.

                 Жаратылыстану  ғылымдарының  интеграциясы.  Жеке
             ғылымдардың өзіндік ерекшеліктері болғанымен, арасындағы ше-
             гара шартты түрде ғана.
                 Дәстүрлі  жаратылыстану  ғылымдарының  тоғысқан  жерінде
             жаңа ғылымдар пайда болды. Биофизика  – биология ғылымының
             физиканың  әртүрлі  саласымен  түйіскен  жерінде  пайда  болған
             (физикалық  заңдылықтар  диагностикада,  адамды  емдеу  және
             сауықтыруда  қолданады,  мысалы,  көздің  оптикалық  жүйесі).
             Биотехнология  (биология  және  инженерия)  –  ашытқыны  нан
             пісіргенде және шарап жасауда қолдану, фармацевтикада (биоло-
             гия  және  химия)  –  бактерия  мен  саңырауқұлақтарды  антибиотик
             алуда қолдану және т.б.
                 Биохимия  ғылымында  судың  физикалық  және  химиялық  қа-
             сиетіне байланысты табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі және т.б.
             Жаратылыстану  ғылымдарының  интеграциясы  тек  қана  жаңа
             ғылымдардың  пайда  болуына  әсер  етіп  қоймай,  ғалымдардың
             дүниенің  ғылыми  бейнесінің  қалыптасу  принципіне  тереңірек
             үңілуге мүмкіндік береді.



                       Сұрақтар мен тапсырмалар
                      1.  Зерттеу пәні және нысаны деген ұғымдарға анықтама беріңдер.
                      2. Дәстүрлі ғылымдардың тоғысуынан пайда болған ғылымдарға мысал
                      келтіріңдер. Ғылымның қай  саласынан тереңірек білім  алғыларың
                      келеді?
                      3.  Өздерің тұратын жерде, табиғаттың қандай нысандарын зерттеуге
                      болады? Неге?
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17