Page 14 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 14
салы, келесі құбылысты пайда ететін (тудыратын) құбылыс: оның
біріншісі – себеп, екіншісі – салдар.
3-сурет. Кез келген салдардың өзіндік себебі бар
3-суретке қараңдар. Ойлана отырып, осы тізбектен бақылаулы өтпелі
және тәуелді өтпелі себеп-салдарлық байланысты анықтаңдар.
Салдарлы құбылыс – өзінің құрылымында және қасиетінде
себепті құбылыстың әсер еткен ізін сақтап қалады. Мысалы, тау
жыныстары қалыптасу кезінде әсер еткен магнитті өрістің ізін
сақтап қалуы мүмкін, өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының
іздері, ол кездегі табиғат жағдайының қандай болғанын анықтауға
мүмкіндік береді.
Кез келген себеп белгілі бір жағдайда, белгілі бір сал дарды
туғызады деген заңдылық бар. Мысалы, таудағы ауа
температурасының көтерілуі, мұздықтар мен қардың жыл- дам
еруіне алып келіп, өзен сулары деңгейін көтеріп жібереді.
Нәтижесінде сел болуы мүмкін. Осы мысал арқылы, себеп-салдар-
лы байланыстың күрделі екенін байқауға болады.
Күрделі табиғи себептер мен салдар. Адамдар қоршаған дүниені
тереңірек тани бастаған сайын, себеп пен салдар арасындағы бай-
ланысты түсіну күрделене бастады. Себеп пен салдар арасындағы
байланыс әрдайым сұраққа толық жауап бере бермейді. Күрделі
себептер көптеген және ұзақ дамитын салдарды керек етеді. Мыса-
лы, тайфун, ураган, жер сілкінісі, су тасқыны, көшкін, сел сияқты