Page 16 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 16
Қар көшкіні Қар үйіндісі
5-сурет. Қар көшкіні
қатты дыбыстың әсерінен болуы мүмкін. Қатты дыбыс, айқай не-
месе бір нәрсенің құлауы, қар көшкінінің пайда болуына себепші
болады (5-сурет).
5-суретке талдау жасаңдар. Қар көшкінінің пайда болуына не себеп
болды? Осылардың қайсысы себеп, қайсысы салдар?
Табиғаттағы себеп пен салдар тығыз байланысты. Белгілі бір
уақыттан кейін себеп біртіндеп әлсірейді, ал салдар уақыт өте жаңа
себепті пайда етіп, тоқтаусыз осылай жалғасып кете береді. Себеп
пен салдарды кей кезде құбылысқа жатқызамыз. Олар уақыт өлшемі
арқылы ажыратылады және бірнеше аралық тізбек арқылы
жалғасады.
Күннің бетінде болатын жарқыл Жерде магниттік дауылды
пайда етіп, артынша радиобайланысқа уақытша кері әсерін тигізеді.
Салдар әртүрлі себептердің әсерінен болатынын да ұмытпаңдар.
Мысалы, жылу, Күн сәулесінің түсуі, үйкеліс, химиялық реакция,
атомның ыдырауы нәтижесінде пайда болады. Кез келген ауру түрі
әртүрлі себептің әсерінен пайда болады және оның әртүрлі салдары
болады.
Табиғатта, адам өмірінде бір себептің әсерінен пайда болатын
және оның туындауына басқа да себеп әсер етпейтін құбылыс
болмайды.