Page 10 - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-6
P. 10

2-сурет. Зерттеу пәніне қарағанда нысанды зерттеудің ауқымы кең

                  Бұл  дегеніміз  зерттеуші  зерттеу  нысанын  әртүрлі
        көзқараспен  жан-жақты  зерттейді  деген  сөз.  Кез  келген  ғылым
        зерттеу нысанының шешімін табуда өзіне  тән ғылыми  көзқарасы
        және  мәселесі  болады.  Мысалы,  экологтар ақбөкендерді  қорғау
        жолдарын, зоологтар – санын, географтар – аумақтағы таралымын
        қарастырады және  т.б.







            Табиғи нысандарды зерттеудегі жаратылыстану ғылымдары.
        Табиғи  нысандарды,  құбылыстарды  және  үдерістерді  зерттеуде
        жаратылыстану ғылымдарының рөлі  жоғары.  Зерттеу  нысаны- на
        қарай  отырып,  жаратылыстану  ғылымдарын  екі  үлкен  топқа
        бөлеміз: тірі және өлі табиғат ғылымы.
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15