Page 138 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 138

Дағыстан болып аталады». Адамдар қойдан, қасқырдан, жылқы-
             дан,  шегірткеден  ажырап,  жіктеліп  шығады.  «Жылқы  адам
             болуға бірдеңесі сәл-пәл жетпей қапты», – деседі. Ай, Алланың
             елшісі-ай! Сонда сен боран мен биік құздан қорқамысың! Көрмей,
             дәнеме етпей, бізге төге салармысың, соншама тілді? Бүйткенің
             не қылғаның? Жүрекпен, мінезбен, әдетпен, салтпен, бар тұрмыс
             күйімен  қанша  бауыр,  жақын  адамдарды  бөліп,  бөлек  тіл
             бітірермісің.
                 Жә. Жарайды, соған да рақмет. Тілдің жаманы жоқ. Қалғанын
             өзіміз көріп алармыз. Бір-бірімізге жол тауып, ақтығына келгенде
             ортақ тіл жасап, бір-бірімізді ажыратпайтын болармыз.
                 Одан  соң  бізге  Ақсақ  Темір,  арабтар,  Иранның  шахы  келді,
             өз  тілдерін  бізге  теліп  баққысы  келді.  Алайда  қолымызды
             қанша  тартқылағанмен,  саусақтарымыз  жұлынған  жоқ,  біздің
             ағашымызды қанша теңселткенмен бұтақтарымыз сынған жоқ.
                 Ана тілім менің! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің
             тірлігім – сенсің, мен сені мақтан етем. Сонау тұңғиық терең жер
             түбінен жарыққа, күнге, жасыл шөпке асыққан бұлақ суындай ана
             тілімнің сөздері жүрегімнен қайнап шығып, алқымыма тіреледі.
             Ернім күбірлейді. Өз күбіріме өзім құлақ тігем, ана тілім, саған
             құлақ тігем, сонда маған бейне тұңғиықтан шымырлап шыққан
             таудың асау өзені елестейді. Мен судың бүлкіл қаққан дыбысын
             сүйем. Мен болаттың сыңғырын ұнатам, қынабынан суырылған
             екі қанжардың бір-біріне соғылған дыбысын сүйем. Осының бәрі
             менің тілімде бар. Сондай-ақ махаббат сыбырын да жақсы көреді.
                 Óа,  менің  ана  тілім,  сені  де  жұртқа  білгізу  маған  өте  қиын,
             сенің  алуан  түрлі  үнің  неткен  әсем  еді,  авар  боп  тумаған  кісіге
             үйрену де қиын оларды, о, егер біле қалсаң, оларды айту дүниенің
             рақаты емес пе, шіркін!
                 Õалық көп, әр халықтың өз әдет-салты бар. Бар жерде солай.
             Адам  дүниеге  туады.  Бір  халықта  баланы  шоқындырады.  Бір
             халықта сүндетке отырғызады, үшіншісінде туғаны туралы куәлік
             жасатады.  Енді  адам    кәмелетке  келген  кезде  өзге  тәртіп,  өзге
             салт. Оған қыз айттырады. Қыз айттыру деген, шынында да, салт.
             Ал үйленген соң, өзге салт тағы басталады. Дағыстанның үйлену


                                                 118
   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143