Page 137 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 137
Сонымен, қойшы, әлгі қашыр мінген кісі біздің Дағыстанға
жетеді. Жаңа ғана грузиндерге, кейін Шота Руставели өзінің
поýмасын жазған грузин тілін беріп, кейін Коста Õетагуров өз
сонеттерін жазатын осетин тілімен аралап шыққаны сол екен. Ке-
зек бізге келіп жетіпті.
Алайда сол күні Дағыстанның тауларында қарлы құйын соғып
кетпесі бар ма! Аңғардың қары алай-түлей бұрқырап аспанға
шығып, түкті көрсетпей, жолды да, мекенді де жа уып тастапты.
Қара түнекте тек желдің ысқырғаны, жартастың гүрсілі. Қой-
судың төрт саласының күркіреп тасығаны ғана естілсе керек.
– Қой, болмас, – дейді тілді үлестіруші мұртына мұзы қата
бастаған соң, мына алай-түлейде мына жартастарға өрмелеп жүре
ме сол.
Сөйтеді де, ол қоржынның түбінде әлі үлестірілмей қалған қос
уыс тіл бар екен, соны біздің тауларға шаша-шаша салады.
– Таңдағандарыңды алыңдар, – дейді және.
Шашылған тілдерді боран алып қашып, тастан-тасқа, шатқал-
дан-шатқалға жеткізсе керек.
Сол кезде бүкіл дағыстандықтар үйлерінен шыға-шыға келіседі.
Мың жылдар бойына күткен мына ырысқа, алтын нөсерге бірін-
бірі итермелей ұмтылып, тұра-тұра жүгіреді. Бас салып, жарма-
сып, қымбат дәнді тиген-тигенінше үлесіп алады.
Сонда әрқайсысы өз тілін тауып алады.
Үлестіріп алып, саклясына паналап, боранның басылуын тоса-
ды.
Таңертең тұрса, күн жарқырап, кешегі қардан түк қалмаған.
Қараса – тау! Енді ол – «тау». Енді оны атымен атауға болып
қапты. Қараса – теңіз! Ол енді – «теңіз». Оның да аты бар. Енді
көзге көрінгеннің бәрін атауға болады. Íе деген рақат! Мынау –
нан, міне – мама, мынау – сакля, бұл – ошақ, мынау – ұл, мынау –
көрші, әне, адамдар.
Жұрт далаға жүгіре шығып, бәрі үн қосып: «Тау», – деп айқай
салған екен. Бақса, әрқайсысынікі әртүрлі шығады. «Теңіз!» –
деп айқайлайды. Тағы да әр басқа. Содан былай авар, лезгин, дар-
гин, құмық, тат, лак болып кете барады. Содан былай соның бәрі
117