Page 136 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 136
Өзі бір ұлт, бірақ екі республика болады, біздің көрші осетин-
дер солай. Бір республика, бірақ қырық ұлт та болады. «Õалықтың
да, тілдің де үйілген бір тауы екен», – депті Дағыстан жайында бір
жолаушы.
«Мың басты айдаһар», – дейді Дағыстанды жаулары.
«Алуан бұтақтары бар бәйтерек», – дейді Дағыстанды достары.
«Дүниенің жүзінен қолыңа күндіздің өзінде шырақ алып
іздесең, мұнша адамы аз, бірақ халқы көп жерді таппассың», –
дейді екен келушілер.
...Менің білетінім сол – біздің жерде бір арбада келе жатқандар
бес тілде сөйлесуі мүмкін де, егер жол айрығына бес арба келіп
тоқтаса, онда отыз тілде сөйлесіп кете береді.
...Тағы бір әңгіме бар, Õунзахтың ханы Ãидатлиге тыңшы
жібереді, оған годеканда, базарда сол жерліктердің әңгімесін
тыңдап, не пікірі бар екенін біліп кел деп тапсырады. Тыңшы ба-
руын барғанмен, тез оралады.
– Иә, білдің бе бәрін?
– Түк те білгем жоқ.
– Ол қалай?
– Әркім өз тілінде сөйлейді. Олардың тілі бізге мүлде түсі-
ніксіз.
...Дағыстанда тоғыз тілде кітап шығады. Ал қаншама тілде ән
шырқалады десеңші. Әр кілемнің өзінше өрнегі бар. Әр қылыштың
өз жазуы бар. Бір қолда соншама саусақ қалай пайда болған? Бір
Дағыстанда соншама тіл қалай пайда болғанын ғалымдар өзінше
дәлелдей берсін. Ал менің әкем былай деп айтатын:
«Алланың елшісі қашырға мініп ап, жер бетін аралап келе жа-
тып, өзінің үлкен қоржынынан әр халыққа тіл үлестіріп жүріпті.
Қытайлықтарға барып қытай тілін берген. Арабтарға барып араб
тілін берген. Ãректерге грек, орыстарға орыс, французға француз
тілін берген. Тілдің неше түрі болса керек: бірі әуенді, бірі сазды,
бірі қатқыл, үшіншісі сырлы, өрнекті, төртіншісі нәзік, әсем де-
гендей. Мынадай олжаға қарық болған халықтар кәдімгі адамша
сөйлеп, өз тілінде шүйіркелесіп қалады. Тілдің арқасында біреуді
біреу танып, бір халық екінші көрші халықты біліседі.
116