Page 132 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 132

10-тапсырма. Автор әңгімеде неліктен кейіпкерлерін орысша сөйлет-
                 кен?  Диалогтерді  талдай  отырып,  кейіпкерлердің  мінез  ерекшелігіне
                 назар аударыңдар.




                  11-тапсырма.  «Æелтоқсан  желі»  тақырыбында  ýссе  жазыңдар.
                 Ýсседегі басты кейіпкердің желтоқсан оқиғасына қатысы қандай?


                                    РАСуЛ ғАмзАтов

                                         (1923–2003)

            Расул  Ғамзатов  –  Дағыстанның  халық
        ақыны. 1923 жылы 8 қыркүйекте Дағыстанның
        Õунзах  ауданында  дүниеге  келген.  2003  жылы
        қайтыс  болған.  Шығармалары  1937  жыл-
        дан  жариялана  бастаған.  «Біздің  тау лар»,
        «Атамекен»,  «Туған  жылым»,  «Ағаға  ар -
          нау»,  «Дағыстан  көктемі»,  «Соңғы  баға»  жыр
        жинақтарында,  «Әкемен  тілдесу»,  «Тау  қызы»,
        «Ананы  аялаңдар»  поýмаларында  туған  жердің  сұлулығын,
        халық  даналығын,  ұлттық  дәстүр  ерекшелігін  сүйіспеншілікпен
        жырлаған. «Жарық жұлдыздар», «Менің атам», «Тырналар» атты
        поýмалар мен өлеңдер жинағы, Кенжеболат Шалабаевтың аудар-
        масымен «Менің Дағыстаным» повесі қазақ тілінде жарық көрген.





                  1-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңдар.



                                          АнА тіЛі

                           Адам деген не көрмейді түсінде,
                           Жатыр екем бүгін қабір ішінде.
                           Дағыстанның кең аңғары, күн ыстық,
                           Көкірегімде орнаған бір тыныштық.

        8–3436
                                                113
   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137