Page 128 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 128
уып тұрған Алтай барысы суретті плакатпен жапсырылған жалпақ
әйнек шетінен кеудесімен көрініп, Ұлан асуынан айтқанға көнбей,
өз бетімен кеткен үш жас жігітті жолаушылардың есіне түсірді.
Олар із-түзсіз кетіп, ізім-қайым болғанына көп болмаса да,
жұрт жадынан шығып та үлгергендей... Әркім-әркім әртүрлі дол-
бар жасап, бәлкім асудан аман-есен асып, әлде бір қыстаққа жет-
кен шығар деп топшылаған. Алдымызда кетіп бара жатқан болар
дегендерге шофер үзілді-кесілді «жоқ!» деді. Асудағы алас-қалас
ақ түтек арасында қалып қоймады ма, тау басы мекенсіз ғой де-
ген күдік кім-кімнің де көңілін жайлаған... Бірақ жамандыққа
қимаған, ауыздарының батылы жетпеген – бұлдыр үмітке сенген.
Олардың қайда бара жатқанынан да жолаушылар хабарсыз бо-
лып шықты. Самар мен Күршім – екі ауданның қайсысынан екені
белгісіз.
Айналасы екі жүз шақырым аймақтың ауа райы құбылмалы-
ақ.
Сары автобустағылар Самарға сағат жетіден аса жетті. Шо-
фер асуда бой бермей кетіп қалған үш жігіт жайлы тиісті орынға
хабарлады... Іңір ілінген. Мұнда екі-үш адамды түсіріп тастап,
екі-үш жолаушыны отырғызып алып тартып кетті. Олар Ертіске
жеткенде түн түнегі қымтап, ай туған. Кәрі өзен үстінде аяз
күшті болушы еді, бүгін бірақ қалың қар мен көк мұзды астынан
солқылдата ерітетін өлкек соғып тұр екен. Әлі түсе қоймаған мұз
үстінен қызыл су жүріп, жылым пайда болып, жарық ай сәулесі
мен көтерілген селдір бу арық малдың шарбысындай жұп-жұқа
перде тұтыпты.
Алып өзеннің арғы жағасы көрінер емес. Ол жақта бұларды
күтіп тұрған да еш көліктің жыпылықтатқан жарығы көзге
ілікпеді. Сары автобустан түскен жолаушылар кәрлі Ертісті бой-
лай соққан өлкек пен мамыра-жай жайылған қызыл суға қарап
тұрды да, амалсыз автобусқа енді. Жас балалы әйел жылаған
сәбиін емізіп алуға жолаушылардың орын-орындарына түгел
жайғасуын күтті...
Елдің артынан енжарлау енген Архат қана. Қызыл су жүріп
жатқан ұлы Ертістің арғы бетіне өте алмады. Өлі мұз жібіп, жетер
110