Page 125 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 125
Іші бағанағы ұжмақ жылуынан айырылыпты. Кейбіреулер аяғын
резеңке төселген еденге сатырлата соғады.
Үш жас жігіт жиналмалы есікті айқара аштыра бере тыста
құтырынған қарлы құйын ішке қарай қотарыла құйылсын. Бірақ
ана үшеуі ештеңені елемегендей іле-шала шығып кетті. Олар
кетісімен іштегілер жолдарының оң болуын тілесіп, аз уақыттан
кейін үндемей қалысты. Боран бақсыдай автобусты айнала асыр
салып үйіріледі. Шофердің қасында егделеу бір адам мен тағы бір
жігіт көмектескен болып жатыр. Басқалар күдікпен күтулі, ішінде
өзі де бар...
Далада бөрідей ышқына ұлыған боран, іште ызғарлы аяз. Ар-
хатты үзік-үзік ойлар жайлаған.
– ...Асығыспын, ауданға кетіп барам. Ертең келерсің деген
өзіңіз емес пе едіңіз, – деп Архат Жетісу ауылының ауылсоветі
Қақатаевтың алдында әскери формамен сымша тартылып тұрып
еді-ау!..
– Айтсам, айтқан шығармын. – Қақатаев үстелге салбыраған
қабағын көтерген. – Дәл мына жағдайға байланысты РОÂД-дан ин-
струкция алатынымды қайдан білейін?!
– Инструкцияның маған қандай қатысы бар, аға? Отан
алдындағы борышымды өтеп келдім...
– Өз басыңа ештеңе деп тұрғаным жоқ. Әзірге күте тұр. Армия-
дан енді келсең, әлі «пропискаға» уақыт бар. Астананың іргесіндегі
ауылмыз. Декабристердің дүрбелеңі... – деп Қақатаев күмілжи
берді. – Сондықтан да сондай инструкция берілген... Тоса тұр.
Одан Алматыға ат басын бұрды ғой бұл. Мұнда да дүңк-дүңк
дүрсіл дауыс қарсы алған.
– ...Төрт ай жүрсең қайтейін! Ауылың паспортқа тұрақ-
тандырмаса, кімнен көресің, өзің де кінәлі, – деп орнынан тұрды
қара торы келген подполковник.
– Жолдас подполковник, ауылсовет көлеңкесінен қорқып отыр.
Анадағы оқиғадан кейін қала маңындағы колхоз-совхозда бүкіл
паспортқа тұрақтанушылардың тізімін жергілікті совет арқылы
алып, тексеру жүргізіліп жатыр. «Көбісінің адресі жоқ, үйді-
үйде «жоғалған» пропискалылардың әрқайсысына 300 сомнан
107