Page 122 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 122

шыларды селкілдете ұрып, соқтырып келеді. Күн аяздан шаңытып
             тұр.  Автобустағылар  өзді-өзімен  шүйіркелесіп,  қайсыбірі  жорта
             қалғып  отыр.  Жолаушылар  арасында  нәресте  құшақтаған  жас
             келіншек қыңқылдаған сәбиін уатумен әлек. Ең артқы орындықта
             отырған Архат олардың іс-әрекетіне көз жіберіп, көңілсіздеу күйде
             көзін жұмған.
                 Суыр малақайын көкжелкесіне ысырып, автобустың қабырға-
             сына шалқая отырып, Архат ойға батты. Жолаушылар автобус іші
             жылы  болса  да  қымтана  түсіп,  күбір-сыбырлары  азайған.  Кедір-
             бұдыр  сүргіленген  тақтайдай  тасжол  іші-бауырды  солқылдатып,
             адамның зықысын кетіре лоқ-лоқ ұрып қояды. Жол ұзақ. Кемінде
             алты сағат жүру керек. Адамды отыра беруден қажытып-ақ жіберді.
             Жеткенше  зарығып  боласың!..  Бұл  Күршімге  асығып  та  келеді.
             Туған жеріне жеті жылдан астам уақыт өткенде оралды-ау, бұл.
             Әне келем, міне келем деп жүріп өмірдің ағымымен келе алмаған.
             Жол  түскені  –  бүгін.  Онда  да  төрт  ай  бойы  сергелдеңге  түсіріп,
             құрдастары «Сергелдең Сері» атаған паспортқа отыру мәселесі бол-
             маса, әй, келе қоймас еді. Тірлік деген – сол.
                 Мұнда  бірақ  ұзақ  болмас.  Әрі  кетсе  –  үш  ай.  Екі  қолға  бір
             жұмыс: табылса – жеңіл-желпі қызмет, табылмаса – қара жұмыс.
             Көңілге демеу – Шірікаяқта тұратын үлкен ағасы, соның үйінде
             тұрмақ. Ол да ауру: әйтеуір, ептеп-септеп елмен бірге күн кешіп
             жүр.  Жеңгесі  орысша  өскен,  шайпау  болатын.  1979  жылы  жаз-
             да  әкесі  қайтыс  болғаннан  кейін,  бұл  аға-іні,  жалғыз  анасымен
             Алматыға көшкеннен бері тұңғыш көргелі отыр. Қазір екі баланың
             анасы, бәлкім өзгерген де шығар. Араласпай кеткелі де қай заман:
             аттай жеті жыл... Аға-жеңгесі бірақ сыртқа теппес. Бауыры ғой.
             Басына іс түсіп келеді ғой, басқа қайда барады? Қаны емес пе?!
             Қайдам,  ондай  қылық  танытуы  да  ғажап  емес.  Қазір  екі  туып,
             бір қалғанына да қиғаш қарайтын болып кетті ғой. Егер ауырсы-
             нып  жатса,  бір  сыныптасының  үйінде  пәтерге  тұрар.  Ер  жігітке
             сол да сын болып па! Ең бастысы – паспортқа «пропискаға» оты-
             рып,  бес  жүз  сом  ақша  тауып,  Алматыға  қайту.  Ағасы,  әрине,
             бес жүз сомды бере алмайды. Ол – анық... Осы бір бес жүз сом
             болмағанда, қызметке орналасып-ақ кетер еді. Бәрінен де төрт ай


                                                 104
   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126   127