Page 121 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 121
! жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісі. Әдеби шығармадағы
Ïейзаæ (французша paysage – мекен, өлке) – белгілі бір
жаратылыстың, яки табиғаттың көркем бейнесі. Жазушы
әдеби шығармада образдық-метафоралық жүйенің арқауы
ретінде табиғат келбетін пайдаланады.
Көркем пейзаж жасау суреткердің дүниетанымының
кең дігіне, рухани және материалдық мәдениеттерді жете
білуіне байланысты. Ассоциация арқылы поýзиялық
сұлулық тудырады, ой-шеңбер өрісімізді кеңейтеді.
Пейзаж ұлттық тілдің нәзік, мөлдір, терең сырларын,
сөздің музыкалық, поýзиялық, көркемдік қасиеттерін
жарқырата ашуға ұйтқы болса, екінші жағынан,
шығарманың ішкі мазмұнын, идеялық сапасын байытады.
Серік неãимов
2-тапсырма. Әңгіме оқиғасына назар аударыңдар.
ÏРоÏиСКА
(Әңгіме)
Æелтоқсанда із-түзсіз кеткендердің
рухына бағыøтаймын.
Автор
Күн ұзарған, түн қысқарған көкектің кәрі қыздай қылтың-
сылтың басы. Өскеменнен түсте шыққан автобус Ұлан арқылы
Самарға тікелей асып, Ертіс түсіп, Күршімнен бір-ақ шығуға бел
байлаған. Көкек келсе де, наурыз жылымығының қайырма қызыл
шұнағы қала ішін дірдек қақтырып, Ұлан асуына қарай созылған
ұзақ жол беті сиыр жалағандай. Жып-жылмағай көк мұз. Алды-
арты бірдей тартатын шағын сары автобус ішіндегі азғана жолау-
103