Page 124 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 124
жағына қиқаң ете лықси беріп, бір жамбасына қарай ошарыла
құлады. Бағанадан бері сыр білдірмей шыдап отырған жұрт у-шу
болған күйде сол жақтағылардың үстіне ауды. Сол қабырғасына
қисая құлаған автобустың моторы өшіп, едені көтеріліп кеткен.
Үлкендер мен қыз-келіншек әйелдердің улап-шулаған дауы-
сын баса, капот үстінен мойнын созған шофер ақырып жіберді:
«Тоқтатыңдар, паниканы! Жігіттер, мен есікті ашамын қазір,
басқалардың шығуына көмектесіңдер! Автобусты тезірек тұрғызып
алуымыз керек. Қар басып қалса, қайран болмай қалады. Давай,
жігіттер!»
Артқы есік ашылған бойда тыстағы боран ішке лап қойып,
аждаһадай ұйтқып ала жөнелді. Есіктен құйылған қар Архаттың
да ашық өңіріне сау етіп, мойны мен алқымын мұздай қарыды. Ар-
хат бірінші болып қырынан жатқан автобустың үстіне көтерілді.
Ат құлағы көрінбес боран орай да борай борап, екпінімен қаңбақ
құрлы көрмей жұлып түскісі бар. Тысқа тағы бір жігіт шықты.
Қалғандары іште. Іштегі жігіттер көмектесіп, жолаушылар көкке
қарап қалған жылы автобустың есігінен біртіндеп шыға бастады.
Ең соңынан шофер көрінген.
Жас балалы келіншек пен үш-төрт қартаң әйелдерден
басқалардың бәрі де, шофердің айтуымен, автобусты аяғынан тік
тұрғызуға кірісті. Алдымен оң жақ дөңгелектер көтеріліп кет-
кен жолдың сорабы екі тік күрекпен жанталаса тазаланды. Бұған
төрт жігіт тартылған. Автобустың ұзына бойы белуардан ойыл-
ды. Ондағы мақсат: бір қырынан жатқан автобусты түзеген кез-
де төрт дөңгелегі тең басуы үшін. Іле-шала қисая қырындаған
автобустың сол жағынан омбы қарды тізеден кешкен отыз шақты
адам жабыла ырғып, шофердің айтқанындай өз орнына дік еткізді.
Қожанасырдың моласындай қисайған көлік қалыпқа келісімен,
бәрі де қуаныса қауқылдасып, жабық есік аузына жақындады.
Шофер есікті ашып, жолаушылар ішке өткен. Машина оталмаса
да, шофер Архат пен тағы бір жігітке автобустың алдын аршуды
бұйырды. Ол екеуі лып ете түскен. Әп-сәтте ұйтқыған боранмен ар-
палыса тазалаған болып, қайта ішке енді. Шофер автобусты отал-
дыра қоймапты. Капотты ашып тастап, әлденені шұқылап жатыр.
106