Page 129 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 129

жеріне жеткізбеді. Өткелсіз өзенге не шара?! Бұл бірақ алмағайып-
        та Алматыға сыймаса да, атан атамекені Алтайына табанын тіреп,
        ертең-ақ ал көңілі бүрлеп шыға келер.
            Жолаушылар  мінген  автобус  Самарға  кері  қайтты.  Оған
        көкқаяз  тасжолға  шағылған  жалғыз  ай  ілескен.  Асуда  бұрқақ,
        өзенде  өлкек  соққан  құбылмалы  күн  түнге  ауысқан.  Архат
        Күршімге күнбе-күн жете алмады. Ал бұрқақта бұлаңытып кет-
        кен бұландай жігіттер сол бойы оралмады... Архат ымырт аязы-
        нан тітіркеніп қойды.




                        3-тапсырма.  Әңгімені  композициясына  сай  бө лімдерге  бөліп,
                       тақырып қойыңдар. Шығарманың фабуласын анықтап, сюжетін
                       баяндап беріңдер.




                        4-тапсырма. Әңгіменің идеясы қандай? Íе себепті «Прописка»
                       деп аталған? Шығармада қандай тарихи оқиға туралы айтылады?
                       Топта талдап, ойларыңды ортаға салыңдар.




                  5-тапсырма. мәтінді тыңдап, табиғат суретіндеãі көріктеу құ ралдарын
                 теріп æазыңдар.
                    Óàқûò ìөëøåðі: 7 минут.




                        6-тапсырма. Архат пен подполковниктің диалогін рөлге бөліп,
                       мәнерлеп  оқыңдар. Диалог арқылы автор қандай оқиғадан хабар
                       бергенін айтыңдар.




                  7-тапсырма.  Архаттың  ішкі  алай-түлей  әлемі  мен  пейзаж  суретінің
                 үндесуін  анықтаңдар.  Автор  табиғатты  суреттеу  арқылы  кейіпкердің
                 толғанысын қалай көрсеткен?






                                                111
   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134