Page 127 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 127

–  Жолдас  подполковник,  мен  сізге  бұзық  емеспін!  Арғысы  –
        әскерден  төрт  ай  бұрын  келген  солдатпын,  бергісі  –  запастағы
        офицермін өзіңіздей.
            – Енді неғыл дейсің, фамилияң бөлек... Марш!
            – Сонда қайда бармақпын? Â конце концов – шетелден қашып
        келгем жоқ қой...
            –  Қайда  барсаң  –  онда  бар.  Мен  сені  шақырғам  жоқ.  Давай,
        марш отсюда! – деп зілденді.
            – Сіздің олай деуге хақыңыз жоқ. Мен – Совет азаматымын.
            – Сен мені үйретейін дедің бе? Өзің кешегі декабрьге қатысқан
        қу шығарсың... – Подполковник сынай қарап, кекете жөткірінді.
            – Қатыссам – қатыстым... Оған бірақ дәлеліңіз жоқ сіздің! –
        Архат та шарт кетті. – Декабрист деп дүре соқсаңыз да...
            – Õватит! Товариù гражданин, сей÷ас же идите, ина÷е я буду
        вас посадить!
            – Íе имеете право!
            – Ох, как имею!.. Арестую вас, как неповиновение закону.
            – Пусть так, товариù подполковник! Ëу÷ше в камере сидеть,
        ÷ем без надежды бродить... Мне уже некуда! ×то хотите, то и де-
        лайте. ß буду рад!
            –  Ты  ÷то,  серьезно  ÷то  ли?  Мен  отырғыза  алмаймын  бәрібір.
        Сен ауылда тұрасың, әскери у÷етың да сонда. Âсе! – Подполковник
        атшаптырым кабинеттің төрінен есікке адымдай беттеді. Калинин
        ауданы милиция бастығының соңынан Архат еріксіз ере шыққан...
            Енді  міне,  бойы  тоңазып,  қарадай  елегізіп  Алтай  биігіндегі
        бұрқақта бұйығып отыр. Әлгі бір алас-күлес ақ түтекте атып шығып
        кеткен албырт азаматтар қайда жүр екен деген дерексіз ой оралды.
        Адасып кетер ме екен, әлде жол таба алар ма бұлыңғыр бұрқақта?!
        Өз атамекені ғой бірақ...
            Беттен алып, төске шапқан қарлы желмен жолаушы автобусы
        Ұлан  асуында  үш  сағаттан  аса  алысып,  ақыры  Самар  жазығына
        еңкейер  тік  шатқалға  іліккенде  пышақкесті  тыйылған-ды.  Бұл
        кезде күн бесіннен ауып, бұлыңғыр аспан асты мен терең шатқал
        ішін қараңғылықтың хабаршысындай зәрлі көлеңке иелеген. Сары
        автобус кілт тоқтады. Шофер орнынан көтеріліп, ту сыртын жа-


                                                109
   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132