Page 25 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 25

– Әл-Ôараби – ғылымның алуан түрлі саласымен, оның ішінде әдебиет
                   теориясымен  де  жан-жақты  шұғылданған  ғалым.  Әдебиет  теория сы
                   бойынша  көптеген  зерттеулер  жазғанын  әл-Ôараби  шығармаларының
                 сақталып қалған мұраларынан білеміз. Араб ғалымы ибн Әби Óсайбаның
                 (1203–1270) айтуы бо йынша, әл-Ôарабидің өлең құрылысын зерттеуге
                 арнаған «Өлең және ұйқас туралы сөз», «Өлең ырғағы туралы» деп ата-
                 латын еңбектері болған.


                  –  Бұл  салада  әл-Ôарабидің  бізге  толық  күйінде  жеткен  екі  кітабы
                 бар. Олардың бірі «Өлең өнері» деп аталады. Кітапта араб поýзиясының
                 теориялық  мәселелері  айтылады.  Мұнда  өлеңнің  мазмұны  мен  фор-
                 масы  арасындағы  үндестік  мәселесі  т.б.  жазылған.  Екіншісі  –  «Өлең
                 өнерінің қағидалары туралы трактат» деп аталатын зерттеу. Онда грек
                 поýзиясының  жанрларына,  терминдеріне,  өлең  өлшемдеріне  талдау
                 жасаған.




                                әбу нАСыР әЛ-ÔАРАби
                                          (870–950)

            Әбу  Íасыр  әл-Ôараби  –  қыпшақ  даласынан
        шыққан  ұлы  ýнциклопедист  ғалым.  Ойшыл,
        философ,  математик.  Ол  –  әдебиет  пен  музыка
        зерттеушісі,  ақын.  Толық  аты-жөні:  Әбу  Íасыр
        Мұхаммад ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Ôараби.
            Болашақ  ғалым  алғашында  туған  жері  Оты-
        рар медресесінде, кейін Шаш, Самарқан, Бұхара,
        Мысыр,  Õалеб,  Бағдад  қалаларында  оқып,  жан-
        жақты  білім  алған.  Дүниежүзілік  ғылым  мен
        мәдениеттің  Аристотельден  кейінгі  екінші  ұстазы  атанып,  көп
        тілді меңгерген.
            Оның  философия,  жаратылыстану,  астрономия,  математика,
        медицина, логика, ýтика, метафизика, жағрафия, әдебиеттану, тіл
        білімі, музыка сияқты ғылым салаларынан 164 трактат жазғаны
        мәлім.
            Ұлы ғалымның көптеген еңбектерінің ішінен бүгінгі ұрпақтың
        қолына қырыққа жуық ғылыми жазбасы жеткен.



                                                 23
   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30