Page 121 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 121
«Сурет салғым келмейді» (1995) атты повестер мен әңгімелер
топтамалары, «Кермек дәм» (1977), «Айшылық алыс жол» (1987)
романдары жарық көрді. Шығармалары орыс тілінде «Арыстан,
я, виолончель» (1980), «Вот он я – бывалый» (1986), «Горький
вкус» (1989), «Эхо» (1991) деген атпен басылып шықты. Жеке
леген туындылары украин, молдаван, латыш, неміс тілдеріне
аударылған.
: – Жазушы не себепті әңгімені «Бауыр» деп атаған?
Марат Қабанбайдың тағы қандай шығармалары бар?
Ғаламторды пайдаланып, жазушының басқа да туынды
ларымен танысыңдар.
: – Балалар, әңгімені оқи отырып автор бейнесіне назар
аударыңдар. Автор оқиғаға қатыса ма, әлде үшінші жақтан
баяндай ма? Автор бейнесі туралы айтып беріңдер.
бауыр
(Әңгiмеден үзінді)
Манап «Директор» деген алтын жазулы кабинетті тез тауып
алды. Рұқсат сұрап, сыпайы кірген мұны басынан аяғына дейін
шапшаң шолып шыққан жасамыс, ақ сары әйел орнынан тұрып,
нақ алдындағы орындықты нұсқады. Бұл кабинеттің табалды
рығын аттаған жан ең әуелі ашық қабақ пен жылы сөзді аңсап
келетінін жақсы біле ме, директор саулығын, жол машақатын
тәптіштеп сұрады.
– Жә, оның бәрін бүгін-ертең көзбен көріп, қолмен ұстай
жатарсыз. Жатақхана есебінен бөлінген шағын, шағын да болса
жайлы қонақжай бөлмелер бар. Ініңізді қасыңызға алып жатыңыз
да, шер тарқатып, емін-еркін әңгімелесіңіз, ағалық ақылыңызды
аямаңыз. Болашақ философпын дедіңіз, оны да бір сынап көріңіз.
* * *
Тығыз қара шашы ұсақ-ұсақ бұйра, қол-аяғы таралып қалған,
кең иықты болмаса да ешкімнен қарызға жауырын сұрай қой
майтын кішірек көзді ақ сұр бала, дұрысы бозбала сыртқа сер
піндей басып шыға келгенде, Манап орнынан ұшып тұрды. Сол,
соның нақ өзі. Төрекелді тұяғының сынығы. Қол созып, мына
111