Page 119 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 119
: – Балалар, біз бүгін Марат Қабанбай деген жазушы ата
мыздың «бауыр» деген әңгімесімен танысамыз. Алдымен
әңгімені барлық зейіндеріңді сала оқыңдар. Әңгіменің
«Бауыр» аталуының себебін анықтауға тырысыңдар.
: – Айсұлтан, бауыр, аға, ағайындылар, туыс, туған деген
сөздердің мағынасын ашатын қандай мақал-мәтел білесің?
: – Қазақ халқы ағайын, туған-туыс сөздеріне үлкен мән
берген. Сол себепті мұндай мақал-мәтелдер өте көп.
Ағаның үйі – ақ жайлау.
***
Аға – бордан, іні – зордан.
***
Ағайын ала болса,
Ауыздағысынан айырылады.
***
Мал қонысын іздейді,
Ер туысын іздейді.
Автор бейнесі – көркем шығармадағы жазушының
өз тұлғасын көру қалпы. Әр жанрдағы шығармаларда
автор бейнесі әртүрлі дәрежеде әр қырынан аңғарылады.
Драмалық
шығармада
автор оқиғаның
Әңгімеде даму барысынан Поэзиялық
автор негізінен сырт тұрады. шығармаларда
алғанда оқиғаны автор лирикалық
баяндаушы тұлға ретінде
болады. танылады.
Эпикалық шығармаларда баяндаушы немесе әңгіме-
шінің орны ерекше. Олардың ерекшелігі оқиғаны
жеткізулерімен айқындалады. Біреуі оқиғаны үшінші
жақтан баяндаса, екіншісі оқиғаның қатысушысы ретін
де көрінеді.
109