Page 114 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 114

ЕСКЕРТУ! Егер тиісуші мен болмай, басқа болса, оған: «Аулақ
        жүр, жақсылық көрмейсің» деген тәрізді ескертпелер жасауым ке­
        рек. Онда да тыңдамай баса-көктеп келе жатса, мұндай жағдайда,
        қажет деп тапсам, қол да жұмсау арқылы қорғануға еріктімін
        деп санаймын.
            ә) Осыдан былай ешқандай тәртіпсіз, тұрпайы сөзді аузыма
        алмаймын. Үлкенді аға, кішіні іні деп тұрам.
            ЕКІНШІ. Әрбір тәртіпсіздік қылығым үшін дер кезінде аяусыз
        жазаланып тұруым тиіс. Жазаның түрі төмендегіше болады:
            а) Егер біреуге өзім тиісіп, шатақтассам, ол күні бір мезгіл
        ас ішпеймін.
            ә) Біреуді жазықсыз тілдейтін болсам, кезекті демалысымда
        ешқайда қия басып шықпаймын, үйде отырам. Яғни өзімді үйге
        қамаймын деген сөз.
            б) Сабақ үстінде тыныш отырмағандықтан мұғалімнен ескер­
        ту еститін болсам, ол жолғы үзілісте тысқа шықпай, орнымда
        отырамын.
            в)  Егер  біреу-міреудің  лақ-қозысы,  тауық,  қазы,  иті  біздің
        үйдің маңына жолап кетсе, аямай ұрып қуалайтын жыным бар.
        Алмастың қызыл қоразын сөйтіп өлтіріп қойдым. Бұным да жа­
        рамайды, жай айдап жіберуіме де болушы еді ғой. Ендігәрі бұндай
        қылықтарым қайталанса, жоғарғы тауық базға демалмастан екі
        рет жүгіріп барып келем.
            ҮШІНШІ. Сұлтанмен жолдастық қарым-қатынасым бұдан бы­
        лай үзіледі. Ол екеуіміздің сертіміз бүгіннен бастап күшін жояды.
        О дүниедегі қызыл ошақ жайына келетін болсақ, ... мені тозақ
        оты сескендіре алмайды.
            ТӨРТІНШІ. Сабақты жақсы оқу – үлгілі оқушының бірінші
        белгісі. Мен осы тоқсанның ішінде қалай еткенде де озат оқушы­
        лардың қатарына қосылуым керек. Ол үшін:
            а) Сабақтан бір сағат та себепсіз қалмаймын.
            ә) Үйге берілген тапсырманы мезгілінде орындап отырам.
            БЕСІНШІ. Жоғарыда қабылданған міндеттемелердің мүлтіксіз
        орындалуын қамтамасыз ету үшін күн сайын ұйықтар алдында
        өзіме-өзім есеп беріп, жақсы-жаман қылықтарымды осы дәптерге
        тізіп жазып отырамын.
            Осы айтылғандарды жүзеге асыру – мен үшін ұлы сын.
            Егер осы сыннан өте алмайтын болсам, онда маған бұдан былай
        оқу оқып қажеті жоқ. Анам байғұсқа күйігімді тартқыза бермей
        адам болатын басқа бір жолды іздеп жоғалуым керек».


                                                  105
   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119