Page 110 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 110
– Қойшы, маматай... Ең соңғы рет кешірші. Ант етемін...
Мамамның тізесін құшақтай жығылған қалпым еңіреп жылап
жібердім.
«түбінде адам болатын бала»
Жұмыр жер күндегі дағдысы бойынша тынбастан зырлап, кін
дігін және бір айналып шықты. Тарих тағы бір тәулікке ұзарды.
Осы бір тәуліктің, яғни жиырма төрт сағаттың ішінде мынау ығы-
жығы күнәһар дүниеде кімнің басынан не көшіп үлгермеді дейсің.
Қанша адам өмірге жаңадан келіп қосылды, қанша адам оларға
орын босатып, о дүниедегі мәңгілік мекендеріне сапар шекті. Осы
бір тәуліктің ішінде қаншама бақытты кеудеде қуаныштың оты
маздап жанбады, қатал тағдыр қаншама басы жұмыр пендесін
қайғының қара суығында бүрсеңдетпеді. Осы соңғы топқа мен
де қосыламын.
Мен өзімнің он үш жыл өмірімнің ішіндегі ең бір қатыгез
күнді бастан кештім.
Тыста қараңғы, ауыл үсті тыныштық. Ақымақ иттер ғана әр
жерден әуп-әуп үріп басылады. Көшенің басынан бір ит шәу ете
қалса, соңынан оған басқа бір ит үн қосады. Сонан соң үшінші,
төртінші иттер әупілдесіп, «о не, не боп қалды?» дегендей ауыл
дың бүкіл иті улап-шулап кететін сәт те болады. Оның ішінде
айбарынан да айғағы көп, шіңкілдек күшік үндері, маңтөбеттердің
қарлыққан қалың дауыстары... бәрі аралас... Бейберекет үргенді,
тақымнан үндемей келіп ала түскенді қашан қояр екенсіңдер?!
Мамам екеуіміз мектепке педсоветке келе жатырмыз. Күздің
салқын кеші тоңазыта ма, жоқ әлде үрейленуден бе, іші-бауырым
қалтырап келеді.
Мектептің алдында біреу шылым шегіп тұр. Мен оны көкшіл
аспан айнасындағы келбетінен анадайдан таныдым – Ахметов.
Галифе шалбар киген жіңішке аяқтары сидиып, шашы қақ жа
рыла желбіреп, қаздиып тұр. Сізді күтіп отырмыз деп, мамамды
қолтықтап дереу ішке әкетті. Маған өзіміз шақырамыз, осы арада
күте тұр деді.
Саябанға көтерілдім де, сол арадағы тақтай орындықта тосып
отырдым.
Осы кезде үй пұшпағынан біреудің келе жатқан тысыры естіл
ді. Тырп-тырп басқан аяқ дыбысына тық-тық қадалған таяқ үні
қабаттасады. Көп ұзамай аяқ пен таяқтың қожасы да көрінді.
Мектеп күзетшісі Сәйбек қарт. Сәйбек кілт тоқтай қалып, шека
101