Page 109 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 109

шығып, секемшіл мұғалімнің қолының дәл үстіне қонбасы бар
                ма. Майқанованың шаңқ еткен дауысы бір-ақ шығып үлгерді.
                Өңі құп-қу болып, сылқ етіп құлап бара жатыр...
                    Майқанова содан сабаққа екі күн бойына келмеді. Шошынып
                ауырып қалыпты. Жұмысқа бүгін ғана шығып отыр. Бүкіл мек­
                тепті даңғаза қылған бақа оқиғасының мән-жайы міне осындай.
                    ...Көз байланып кетті. Жоңышқаның төбесінде дөңбекшіп әлі
                жатырмын. Не істеймін? Қалай көрінемін мамама...
                    Әр нәрсенің шегі бар, мен қашанға жата берейін. Тәуекел деп,
                үйге  кірмекші  болдым.  Қораның  арт  жағынан  түсіп,  үстімнің
                шөбін қағып, бойымды тәртіпке келтіріп алдым. Жүрегім лүп-
                лүп етіп, алқымыма тығылады.
                    Есікті аша бергенімде тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы
                тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі
                аруақ  тәрізді  қыбырлаған  бірдеңеге  ұқсар  деймін.  Ауызүйден
                әжем ұшырасып:
                    –  Сен  қайда  қаңғып  жүрсің?  Шешең  келді,  –  деп  төрүйді
                нұсқады. Сонан соң құлағыма сыбырлап: – Байқа, шешең саған
                ашулы, – деді.
                    Төрүйге  кірдім.  Мамам  киімшең  күйі  өз  төсегінде  бір  уыс
                болып, әрі қарап, бүк түсіп жатыр.
                    – Мама.
                    Мамам жауап қатпады. Мен жақындай түсіп, оның уысында
                көзіне басып алған қол орамалы бар екенін көрдім. Жүрегімді
                біреу ұстарамен тіліп жібергендей болды.
                    – Мама, сен жылап жатырмысың?
                    Мамам басын жайлап көтерді де, маған қарай бұрылды. Жасқа
                шылаған қоңыр көздері біртүрлі бөтен, суық.
                    – Иә, жылап жатырмын, – деді ол. Дауысы қарлығып, бітіп
                шықты. – Қайтейін жыламай. Құдай бағын ашпаған мен сорға
                жылаудан өзге не бұйырған. Қу жалғыз, сенің-ақ күйігіңді тартып
                өлетін болдым ғой. Осы сен не боп барасың күннен-күнге. Бұл не
                сұмдық? Жүрген жеріңе шөп шықпағыр боп барасың ғой. Ұял­
                майсың ба, бір мезгіл елден-жұрттан. Қу жалғыз-ау, айтшы, не
                болды мұнша саған бұзылып? Өлтірдің ғой мына сорлы анаңды.
                Неге тыныш жүрмейсің?! Осы саған не жетпейді?
                    – Маматай, қойшы. Ендігәрі...
                    Мамам менің жалбарына созған қолымды қағып жіберді:
                    –  Жолама.  Мама  деуші  болма  мені.  Құдайдың  сендей  бала
                беріп, азапқа сап қойғанынан да, қу бас тастағаны артық еді ғой.


                                                  100
   104   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114