Page 112 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 112
барлық көзі жан-жағымнан найзадай түйреп, қадалып барады.
Әсіресе, оң жақта, директорға таман отырған Майқанованың сұсы
қатал да сұрапыл көрініп кетті.
– Қадыров, сені біз мұнда не үшін шақырып отырмыз, білесің
бе? – деді Ахметов.
– Білемін, – дедім.
– Не үшін шақырып отырмыз?
– Тәртіпсіздігім үшін шақырып отырсыздар.
Екі-үш жерден мырс етіп күлген үндер естілді.
– Сені мектеп өмірі тойдырды ма? Бұдан былай оқығың келмей
ме? – деп сұрады Ахметов.
– Жоқ, оқығым келеді.
– Ендеше неге қоймайсың тәртіпсіздікті!
Ахметов «неге» деген сөзді бар дауысымен шегелей айтып,
үстелді үлкен ауыр алақанымен сарт ұрып, ұшып түрегелгенде,
мен ғана емес, бүкіл отырғандар түгел селк ете қалды.
– Қоямын енді... кешіріңіздер...
– Бұл нешінші... Жүзінші рет уәде беруің бе? – деп киіп кетті
Майқанова.
– Бұдан былай ешқашан да тәртіп бұзбаймын.
Менің қазіргі талқыға салып отырған тәртіпсіздік қылықта
рымның қай-қайсының да себебі бар еді. Қазды атқан мен емес
пін, Сұлтан. Ал бақаны мен сумкаға Майқанова талып жығылып
қалсын деп, оның соншалық шошымал адам екенін біліп салған
жоқпын. Тіпті, бұның ақыры не болады деп, ойлап та жатпадым,
салғым келді – салдым. Осындай бір ақымақтық кейде ақылға
мұрша бермей дедектетіп әкететіні бар. Істеп алып, соңынан бар
мағыңды тістейсің.
* * *
Терезенің тұсында мектептің бағы бар. Осыдан бес-алты жыл
бұрын өз қолымызбен отырғызылған қайың-теректер бұл күн
де қолдың саласындай тізіліп, асқақтап тұр. Шарбақтың көп
кетігінің бірінен зып беріп осы баққа кірдім де, бір теректің басы
на маймылша өрмелеп, шығып алдым. О, бұл арадан мұғалімдер
үйінде не болып жатқаны сайрап көрінеді.
...Ахметов сөзін бітіріп отырды. Мамам түрегелді. Балажан,
байғұс анам, мен үшін отқа да, суға да түседі шырылдап.
...Мен мамамды ғажап аяймын. Ойпыр-ай, неге мұндай тыным
сыз, сотанақ болып тудым! Темір секілді жер қозғалса да қозғал
103

