Page 116 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 116
4-тапсырма.
А) «Жолдама жайында» бөлімі бойынша жоспар
құрыңдар.
Ә) Аталған бөлімді жоспар бойынша баяндап беріңдер.
Б) Қожа мен Майқанова арасында пайда болған кикілжіңді
хрестоматиядан тауып оқыңдар.
В) Қожа мен Майқанова арасындағы алғашқы кездесуге сы
ныптастарыңмен біріге отырып, сценарий құрыңдар.
Г) Құрылған сценарий бойынша Қожа, Майқанова, ауыл
адамдары, сатушы рөлдеріне арнап диалогтер құрастырыңдар.
5-тапсырма.
А) «Ағаттықтың азабы» бөлімі бойынша оқиғаның
сюжетімен таныстырыңдар.
Ә) Сюжеттің өрбу кезеңдері бойынша оқиғаны баяндап
беріңдер.
Б) «Бақаның әлегі» сөзін негіз ете отырып, сөзтуынды (сөз
жұмбақ) құрастырыңдар.
В) Қожа біз ойлағандай бұзық бала ма? Қожаның анасына
берген антынан оның қандай адамгершілік болмысын байқаған
дарыңды өз сөздеріңмен айтып беріңдер.
: 6-тапсырма.
А) Сәйбек қарттың әңгімесі Қожаға қалай әсер етті? Не
ліктен?
Ә) Сәйбек пен Қожа арасындағы әзілді тауып, кезектесіп рөлге
еніп оқыңдар.
Б) Қожаны не үшін жиналысқа салды? Оқиғаның шиеленісу
тұсы бар ма? Бар болса, қай жерде деп ойлайсыңдар? Мәтіннен
тауып оқыңдар.
В) «Түбінде адам болатын бала» деген пікірдің иесіне портрет
жасаңдар.
: 7-тапсырма.
Қожаның тәртіпсіздіктен бас тартып, адам болуға бет
бұрған қадамын көрсететін әрекетін мәтіннен тауып оқыңдар.
107