Page 111 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 111

радағы сақшыдай қатал үн қатты:
                    – Бұл кім?
                    – Мен ғой, ата.
                    – Менің кім?
                    – Мен, Қожамын.
                    – Мұнда неғып отырсың?
                    – Педсоветке келдім.
                    – Онда сенің не шаруаң бар?
                    – Мен жөнінде мәселе қарап жатыр.
                    – Мәселе? Қандай мәселе? Сені мұғалім етеміз дей ме?
                    – Директор етеміз дейді.
                    – Онда тіптен жақсы. Жалақың көп болады, – Сәйбек менің
                қасыма келіп отырды. – Әй, Қожа. Сенің әкең марқұм азамат еді
                ғой. Оған тартсаң, директор түгіл, одан үлкені боласың. Бірақ
                оған тартпағансың.
                    Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның
                тиын емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. Қалай дейсің
                ғой. Міне былай, алғаш колхоздасқан жылдың күзінде мен, оның
                келіскен бір жорға күрең аты бар еді, – ол кезде жұрттың көбі
                қара жаяу, соны диірменге мініп барып, сазға батырып, өлтіріп
                қойдым.  Суып,  қаңсып  тұрған  атты  суармай  отқа  қоям  деп,
                өзімнен болды. Аяғы шідерлеулі еді. Су ішем деп барып, оппаға
                түсіп кетіпті. Ертесінде қарасам, суға сүңгіген үйректей арт жағы
                ғана көрініп, тоңқайып жатыр. Он шақты жігіт жабылып, арқан
                сап әрең суырып алдық. Міне, басқа біреу болса, соны қыңқ ет­
                кізбестен төлетіп алар еді ғой. Ал Қадыр марқұмның кеңпейілдігі
                соншалық, сіз қас қып өлтірген жоқсыз ғой, ажалы солай тура
                келген шығар деп, үнсіз қоя салды. Міне, әкең осындай парасатты,
                ақылды жігіт еді. – Сәйбек осыны айтты да, сәл ойланып барып:
                – Ал, сен... сен ғана емес-ау, қазіргі осы оқып жүрген балалар,
                көбің ақымақсың, – деді. – Неге дейсің ғой. Ақымақ емей немене,
                тәртіпті жүр, оқуыңды жақсы оқы, адам бол десе, сендер соның
                бәрін керісінше істейсіңдер.
                    Осы кезде іштен Оспанов шығып:
                    – Қадыров, қайдасың? – деп дауыстады.
                    – Бар, әне шақырып жатыр. Әй, сотанағым...
                    ...Директор кабинетіне осы мектепте бір оқушы ең көп бас
                сұқса, сол мен болармын деймін.
                    – Берірек кел, – деді ол қолындағы автоқаламымен бөлменің
                ортасын нұсқап. Алдымда қақпан құрулы тұрғандай жыбырлап
                бір-екі аттадым. Екі жақ қабырғада тізіліп отырған мұғалімдердің

                                                  102
   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115   116