Page 113 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 113

майтын, маңқиып жайына жүретін момын болып неге тумадым?
                    ...Педсовет  аяқталды,  жұрт  тарай  бастады.  Мен  ағаштан
                тезірек түсіп кетпекші болып едім, бір бәтеңкем екі бұтақтың
                арасына кептеліп қалып, шыға қойсыншы. Жұлқи тартып қалға­
                нымда, мәссаған, табаны дыр етіп, қақырап түсті...
                    Мұғалімдердің алды тысқа шығып та үлгерді. Дымымды ішіме
                бүгіп, теректің діңіне жабысып, қаттым да қалдым. Ахметов пен
                Майқанова оқшауланып бермен қарай бұрылды. Екеуі мен тұрған
                теректің тура түбінен өтіп бара жатыр.
                    – Қадыров түбінде адам болатын бала, – дейді Майқанова.
                    – Оты бар, – деп, қостады Ахметов. Екеуі былай ұзай беріп,
                мен жөнінде тағы бірдеңелерді сөйлесіп бара жатты, бірақ мен
                анықтап  ести  алмадым.  Әлгі  естігенімнің  өзі  қолқа-жүрегімді
                солқ еткізгендей әсер қалдырды. Мен Майқанованы қас дұшпа­
                ным санап жүрсем, ол мені «түбінде адам болатын бала» деп,
                директорға мақтап бара жатқаны қалай? Ап-айқын, тап осылай
                деді. Міне, жұмбақ...



                                              қожаның анты


                    Кешкі астан кейін төрүйге кіріп, үстел шамды жақтым да,
                сырттан  ештеңе  көрінбестей  етіп,  терезе  перделерін  түсірдім.
                Бұрышта кісі бойы үлкен айна тұр. Үстелімді соның дәл алдына
                тақап қойдым да, дүниені шулатып, сойқандап жүрген қылмыскер
                Қожамен бетпе-бет келіп отырдым.
                    – Қадыров Қожаның жекебас құпия кеңесі ашық деп жария-
                лаймын. Күн тәртібінде бір-ақ мәселе – тәртіпті, үлгілі оқушы
                болу үшін мен бұдан былай не істеуім керек?
                    Күн тәртібін протоколға мәнерлеп жаздым да, қылмыскердің
                жүзіне қарадым.
                    ... Құпия кеңес бір сағаттай уақытқа созылды. Ақыры төмен­
                дегідей тұжырымға кеп, бірауыздан қаулы қабылданды.
                    ҚАУЛЫ.  Қадыров  Қожаның  жекебас  тәртібіне  байланысты
                мәселені талқылай кеп, құпия кеңес мынадай қаулы алады:
                    «БІРІНШІ. Тәртіпсіздік кісіні жексұрын көрсетіп бітеді екен.
                Оған көзім әбден жетті. Әрі бұл адамның келешегі үшін зиян...
                Сондықтан қалай еткенде де тәртіпті болуым керек. Ол үшін:
                    а)  Бұдан  былай  ешкімге  тиіспей  жайыма  жүремін.  Досым
                болсын, қасым болсын, бейбіт қатар өмір сүруге тырысамын.

                                                  104
   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118