Page 117 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 117
: 8-тапсырма.
А) «Қожаның анты» бөліміндегі «Қадыровтың монологынан»
үзіндіні жатқа оқып беріңдер.
Ә) «ХХІ ғасырдағы Қожа» – бүгінгі заманның баласы тәртіпсіз
қылықтар жасаса, қандай әрекеттерге бой алдыруы мүмкін?
Б) «Қожаның қаулысын» талқылай отырып, өз ойларыңды
ортаға салыңдар.
В) Сыныптастарыңмен «Қожа – ақылды» және «Қожа – тен-
тек» тақырыптарында екі топқа бөлініп, пікірталас ұйымдасты
рыңдар.
: 9-тапсырма. «Сенің адамгершілігің бар бала екендігіңе
сенгенмін, Қожа!» деген тақырыпта шығармадағы қара
Қожаға хат жазыңдар.
: Мәтінді тыңдаңдар. берілген уақыт ішінде тап-
сырмаларды орындауларыңды өтінемін.
1-мәтін. Уақыт мөлшері: 15 минут.
1) қожабергеннің есіміне сипаттама беріңдер.
2) Адамға ат қоярда неге мән беру керек дейді мәтінде?
3) Мәтіндегі монологтан өздерің есте сақтап қалған жерін
жатқа айтуға тырысыңдар.
4) қожабергенді балалар кім деп атайды? Себебін түсін-
діріңдер.
: 2-мәтін. Уақыт мөлшері: 15 минут.
1) Мәтіндегі үзіндіде не туралы айтылған?
2) Мәтіннің соңындағы кейіпкер сөзіне құлақ салыңдар.
Өз болашақтарыңды қалай елестетесіңдер? «... Мөп-мөлдір мына
ғажап дүние... «Ұш! Самға!» деп, қолтығымнан қанат бітіретін,
арман нысанасына қарай алып ұшатын тәрізді. Лаула! Лаула
жігер оты! Самға қиял құсы! Асығатыным да, аңсайтыным да
ертеңгі болашағым» деген сөздерден өз түсінгендеріңді айтып
беріңдер.
108