Page 115 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 115

Қаулы бірауыздан қабылданды.
                    ...Әжемнің  әжімді  маңдайынан  шөп  еткізіп,  бір  сүйдім  де,
                жүгіріп тысқа шығып кеттім. Шіркін, бүгінгі кеш қандай әсем еді!
                Ай жарық. Аспанның тұп-тұнық көк жібек шатыры бар жиһазын
                тағынып  мөлдіреп  тұр.  Клуб  жақтан  гармонь  үні,  балалардың
                шуылдап ойнаған дауыстары естіледі. Бойымда керемет бір жігер
                оты лапылдап, солай қарай бет алдым. Ай нұрынан орнаған күміс
                көпір белдеулеп бет алдымда, ауылдың дәл іргесінде өзен жатыр
                жарқырап. Мөп-мөлдір мына ғажап дүние... «Ұш! Самға!» деп,
                қолтығымнан  қанат  бітіретін,  арман  нысанасына  қарай  алып
                ұшатын тәрізді. Лаула! Лаула жігер оты! Самға қиял құсы! Асыға­
                тыным да, аңсайтыным да ертеңгі болашағым.


                                 : 1-тапсырма.



                    А) Хикаят дегеніміз не? Басқа жанрлардан қандай ерекшелігі
                бар екендігін жазыңдар.
                    Ә) А. Байтұрсынұлы хикаятты қалай атаған? Оны дәлелдеңдер.
                    Б) Бердібек Соқпақбаев атамыздың қандай шығармалары бар?




                         : 2-тапсырма.


                    А)  Бердібек  Соқпақбаевтың  белгілі  шығармасының  ізімен
                түсірілген кинофильм туралы ақпарат дайындап, сыныптас дос-
                тарыңмен бөлісіңдер.
                    Ә) «Менің атым Қожа» хикаяты қай жылы жазылды?
                    Б) «Менің атым Қожа» хикаятындағы бас кейіпкердің пор­
                третін жазыңдар.
                    В) Қожа мен оның есімі туралы өз ойларыңды ортаға салыңдар.



                          : 3-тапсырма.


                    А) Хикаяттан берілген «Менің атым...» бөлімі бойынша өз
                есіміңнің мағынасын баяндап жазыңдар.
                    Ә) Сенің есіміңнің қойылу тарихын достарыңа айтып бер.




                                                  106
   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120