Page 76 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 76
: – 19 ғасырдың екінші жартысында қазақ әде биеті та
рихында жаңа бағыт пайда болды. Бұл бағыт ағартушы
лық мақсатта дамыды.
Иә, 19 ғасырда қазақ халқының тарихы мен әдебиетіндегі жаңа
бастамалар ағартушылық бағытта, яғни оқуға, білімге шақыру
бағытында дамыды. Қазақ елінің ұлы тұлғалары Абай, Шоқан
және Ыбырай Алтынсарин халықтың білім алуын басты мәселе
деп таныды.
: – Оқу-білімге шақырған әдебиетті ағартушылық әде
биеті деп атаймыз. Ағарту бағытында жазған ақын-жа
зушыларды ағартушылар дейміз.
: – Айзере, ағарту бағытындағы әдебиетіміздің негізін
қалап, қазақ халқына алғашқылардың бірі болып мек
теп ашқан Ыбырай Алтынсарин болған.
ЫбЫРАЙ АЛтЫнСАРИн
(1841–1889)
Қазақ халқының талантты ұлдарының бірі
Ыбырай Алтынсарин – аса көрнекті тұлға,
этнограф ғалым, ақын әрі жазушы, жаңашыл
педагог болған адам. Ол 1841 жылы қазіргі
Қостанай облысында дүниеге келген. Ыбы
райдың әкесі ерте қайтыс болғандықтан, ол
атасының – белгілі би Балқожаның қолын
да тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап
білімге және өз бетінше оқып білуге бейім
екенін байқатты. 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының
қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті
бітірген соң, 1857 жылы Орынбор шекара комиссиясында әске
ри старшина қызметіндегі атасы Балғожа бидің хатшысы бола
ды. Кейін Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет
атқарады. 1860 жылы Торғайда қазақ балалары үшін мектеп
ашу тапсырылады әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі бо
лып белгіленеді. Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң
оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай,
Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі сыныптық орыс-қазақ
72